https://sputnik.kz/20220316/belsendi-zhanbolat-mamay-23557524.html
Белсенді Жанболат Мамай екі айға қамауға алынды
Белсенді Жанболат Мамай екі айға қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Ол жалған ақпарат таратып, билік өкілін балағаттады деген күдікке ілінді 16.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-16T13:04+0500
2022-03-16T13:04+0500
2022-03-16T13:04+0500
митинг
алматы
https://sputnik.kz/img/156/40/1564029_0:57:2048:1209_1920x0_80_0_0_3b7d272035db53f592815d33de44f99e.jpg
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Белсенді Жанболат Мамай Алматыда тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы Жанболат Мамайға қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігі (билік өкілін қорлау) және Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.Тергеушінің сұрауы бойынша сот Жанболат Мамайды екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялады.Сонымен қатар полиция сотқа дейінгі тергеу объективтілік, толықтық және жан-жақтылық қағидаттарын сақтап жүргізілетінін мәлімдеді.Айта кетері, 25 ақпанда Мамай 13 ақпанда Қазақстандағы қаңтар оқиғаларының құрбандарын еске алуға рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды деген айыппен 15 наурызға дейін 12 күнге қамауға алынды.Жанболат Мамай туралы не білемізЖурналист Жанболат Мамай – "Демократиялық партия" бастамашыл тобының жетекшісі. 2017 жылдың қыркүйегінде оған қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың ақшасын заңдастырды деген айып тағылған. Сот оны екі жыл және бес айға бас бостандығын шектеу, мүлкін тәркілеу, үш жыл мерзімге журналистік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасына кесті.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/156/40/1564029_228:0:2048:1365_1920x0_80_0_0_38679b7f6905ebaa6c3547cb2beba515.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
митинг, алматы
Белсенді Жанболат Мамай екі айға қамауға алынды
Ол жалған ақпарат таратып, билік өкілін балағаттады деген күдікке ілінді
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Белсенді Жанболат Мамай Алматыда тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы Жанболат Мамайға қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабы 2-бөлігі (билік өкілін қорлау) және Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Тергеушінің сұрауы бойынша сот Жанболат Мамайды екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялады.
Сонымен қатар полиция сотқа дейінгі тергеу объективтілік, толықтық және жан-жақтылық қағидаттарын сақтап жүргізілетінін мәлімдеді.
Айта кетері, 25 ақпанда Мамай 13 ақпанда Қазақстандағы қаңтар оқиғаларының құрбандарын еске алуға рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды деген айыппен 15 наурызға дейін 12 күнге қамауға алынды.
Жанболат Мамай туралы не білеміз
Журналист Жанболат Мамай – "Демократиялық партия" бастамашыл тобының жетекшісі. 2017 жылдың қыркүйегінде оған қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың ақшасын заңдастырды деген айып тағылған. Сот оны екі жыл және бес айға бас бостандығын шектеу, мүлкін тәркілеу, үш жыл мерзімге журналистік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасына кесті.