Оқиға

400 мың долларды елден жасырын шығармақ болғандар ұсталды - ҰҚК

© Photo : Пресс-служба Пограничной службы комитета национальной безопасности Казахстана 400 мың долларды елден жасырын шығармақ болғандар ұсталды
400 мың долларды елден жасырын шығармақ болғандар ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Жазылу
14 наурызда президент Қазақстаннан шетелдік валюта және алтын құймалар мен монеталарды алып шығуға шектеу қойды
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Шекарашылар қос түбі бар сөмкеде жасырып елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша шығармақ болғандарды қолға түсірді.
Оқиға 15 наурызда Алматы халықаралық әуежайында болды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
© Photo : Пресс-служба Пограничной службы комитета национальной безопасности Казахстана Ақшаның бір бөлігі қос түбі бар сөмкеде жасырылған
Изъятые у контрабандистов доллары  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Ақшаның бір бөлігі қос түбі бар сөмкеде жасырылған
25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды.
Шекарашылар шетелге шығу кезінде құқықбұзушылықты болдырмау үшін елдің қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.

Долларды сыртқа шығаруға шектеу қойылды

14 наурызда президент Қазақстаннан шетелдік валюта және алтын құймалар мен монеталарды алып шығуға шектеу қойды.
Қолма-қол ақша 10 мың доллардан аспауы керек.
Сондай-ақ Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын, "ALTYN BARYS" алтынынан және "KÚMIS BARYS" күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды өзіңмен бірге (багажда) әкетуге болмайды.
Тыйымды бұзған адамдар Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімімен ақша мен тауар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін.
Жаңалықтар
0