Украинаға денацификация қажет пе

© Sputnik / Антон ВергунРоссийские правоохранители дежурят на месте аварии после попадания снаряда в местную наркологическую клинику в Белгороде
Российские правоохранители дежурят на месте аварии после попадания снаряда в местную наркологическую клинику в Белгороде - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Жазылу
Ресей Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы операцияны бастағанына үш апта уақыт таяп қалған шақта Киев қалаларға жасалған соққы толығымен сезініп жатыр. Бұған дейін ресейлік қанатты зымырандар Киев әуежайларына, телебағанаға соққы жасады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтағы қала сыртында аяусыз қақтығыс жүрді, деп жазады РИА Новости.
Бірақ мұның барлығы тұрғын үйлерден, Киев кәсіпорындарынан алшақта жүріп жатты. Дегенмен екі тұрғын үй зардап шекті. Бірақ екеуіне де жергілікті әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінен залал келді: бірі тұрғын үйді өз зымыранымен "жанап" өтсе, екіншісі үй төбесінен өтіп бара жатқан нысанаға зымыран бағыттады.
14 наурызда таңертең үш "Калибр" "Антонов" авиазауытына қонды. Кейінірек Ресейдің қорғаныс министрлігі зауыт аумағындағы жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің оқ-дәрі қоймасына зақым келгенін мәлімдеді. Бірақ дәл сол оқ-дәрінің жарылуы болмаған соң нысанаға дөп тигеніне күмән туады. Дәл осы уақытта қала солтүстігіндегі Богатырская, 20 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйге бірдеңе зақым келтірген. Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі үйге артиллериялық снаряд түскенін және екі адам көз жұмғанын хабарлады.
Сәл кейінірек Киевтің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Куреневка ауданында тағы бір нысананы дәлдеп құлатты. Сол аудандағы үйдің екі пәтеріне үлкен зақым келді. Содан кейін украиндердің кассеталы жауынгерлік бөлігі бар "Точка-У" Донецкке ондаған адамның өмірін қиған соққы жасады.
Бұл соққы Ресей тарапынан жауапты қатаң шара қолдануды және қақтығыстың шиеленісуіне алып келетін еді. Оның үстіне, Батыс Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатар емес, батыстағы жеке меншік әскери компаниялардың жаппай Украинаға келіп жатқаны туралы сыбыс тарады, Украинаға либерал Бернар-Анри Леви келгені мәлім болды.
Сол күні кеше Ресейдің қорғаныс министрлігі түнде Украинаның әскери-өнеркәсіптік кешенінің қоймалары мен кәсіпорындарына соққы жасалғаны туралы хабарлады. Кешке қарай Шосткадағы "Имупльс" зауытына шабуыл жасалды. Таңға дейін басқа да қорғаныс кәсіпорындары оқ астында қалғаны туралы ақпарат пайда болуы ықтимал. Киев, Одесса мен Днепрде Украинаға тиесілі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің басым бөлігі шоғырланғандықтан, бұл қалаларда біршама тойтарыс жасалуы мүмкін. Ал басқа аудандарда мұндай мүмкіндік жоқ.
"Осы жағдайға қарамастан, Украин билігі қоғамның басым бөлігінде әлі де милитаристік көзқарасты ұстап тұр. Бұл "бүкіл әлем бізбен бірге" деген сынды ұранның арқасында ғана емес. Ол көбіне халықтың "Біз не жаздық?" деген сауалынаан туындап отыр. Соңғы сегіз жыл бойы Донбасс жауған оқ астында тіршілік еткенін, Донецк пен Луганск халық республикаларының аумағында бейбіт халық пен жазықсыз балалар оққа ұшып жатқанын, Минск-2 аясындағы міндеттемелерді орындаудан түбегейлі бас тартқан Киев екенін еске салудың еш мәні жоқ", - деп жазылған РИА Новости материалында.
Минск пен Киев арасындағы келісім ауқымды болмаса да, украин халқының 99,9%-і онымен таныспағаны анық. Олар Украинаның Еуроодақпен арадағы қауымдастығы туралы келісімді де оқымаған. Сондықтан олар қауымдастық туралы келісім Еуропадағыдай өмір сүруге мүмкіндік беретініне, ал Минск-2 келісімін Мәскеу орындамай отырғанына және Ресей Украинаға жағымсыз әсер етеніне сенімді. Себебі олар теледидар жаңалықтарына сеніп келді. Жақында ғана жүргізілген сауалнама азаматтардың 60-70%-і Киев талаптары бойынша Минск-2 келісімінің қайта қаралуын қолдайтынын анықтады.
"Украинадағы қабылданған заңдардың адам құқығына қайшы екені билік басындағылардың басым бөлігі неонацистік көзқараста екенін аңғартады. 2014 жылдан бері өткен сегіз жыл ішінде украин қоғамы теріс жаққа қарай өзгергені байқалады. Мұны орнына келтіру мүмкін бе, жоқ па, белгісіз. Сондықтан ресейлік биліктің осыған қатысты нақты жоспары бар екеніне үміттенуден басқа амал жоқ", - деп жазды сайт.
Жаңалықтар
0