Саясат

Тоқаев Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшісін ауыстырды

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Жазылу
Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланды
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Президент жарлығына сәйкес, Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Албания Республикасында елші қызметін қоса атқарудан босатылды.
Оның орнына Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол енді Түрікменстандағы елші қызметін атқармайды.
Орнына Асқар Тәжібаев тағайындалды. Тәжібаев бұған дейін Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елші болатын. Президент жарлығына сәйкес, бұл қызметке Уәлихан Төреханов тағайындалды.
Ауыс-түйіс барысында Қазақстанның Канададағы төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Камалдинов Қазақстанның Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Бұл міндет Андриан Елемесовке жүктелді.
Чрезвычайный и Полномочный посол России в Казахстане Алексей Бородавкин на выставке Уроки Нюрнберга - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Қоғам
Ресейлік депутаттардың Қазақстан жайлы даулы сөзі: елші ресми түсініктеме берді
Жаңалықтар
0