https://sputnik.kz/20220315/toqaev-memlekettik-ramizder-30-zhyl-23534281.html
Тоқаев мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын тиісті деңгейде атап өтуді тапсырды
Тоқаев мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын тиісті деңгейде атап өтуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ, президент Қазақстан құрамасының 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға дайындығын күшейту қажет екенін айтты 15.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-15T16:16+0500
2022-03-15T16:16+0500
2022-03-15T16:16+0500
мәдениет
қасым-жомарт тоқаев
мемлекеттік рәміздер
https://sputnik.kz/img/1005/60/10056001_0:147:2500:1553_1920x0_80_0_0_d5cb52b84ff68dbccd8c2df0e563acc7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады.Кездесу барысында президентке мәдениет, спорт, туризм архив және баспа ісі салаларының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысына министрлікке қарасты ұйымдарға жұмыс сапары туралы баяндалды. Сапар қорытындысы бойынша күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешу шаралары әзірленген, деп хабарлайды Ақорда.Абаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қарай қаржыландыру, бұқаралық спортты қарқынды дамыту жөнінде берген тапсырмаларын орындау ведомство жұмысындағы негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті.Президенттің айтуынша, биыл министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын тиісті деңгейде атап өтуі қажет.Мемлекет басшысы ұлттық спорт резервінің ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындығын күшейтуді тапсырды.Сонымен қатар Тоқаев жастар үшін ұлттық мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын арттыру қажет екенін айтты.Президент карантиндік шектеулердің елімізде және шет мемлекеттерде жеңілдетілуіне байланысты туризм саласын дамытудың тың жолдарын әзірлеу маңызды деп есептейді.
https://sputnik.kz/20220302/tegin-balalar-uyirmesi-23240360.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1005/60/10056001_152:0:2377:1669_1920x0_80_0_0_cd3b99a5291367cf737f35d848496cfc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мемлекеттік рәміздер
қасым-жомарт тоқаев, мемлекеттік рәміздер
Тоқаев мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын тиісті деңгейде атап өтуді тапсырды
Сондай-ақ, президент Қазақстан құрамасының 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға дайындығын күшейту қажет екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады.
Кездесу барысында президентке мәдениет, спорт, туризм архив және баспа ісі салаларының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысына министрлікке қарасты ұйымдарға жұмыс сапары туралы баяндалды. Сапар қорытындысы бойынша күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешу шаралары әзірленген, деп хабарлайды
Ақорда.Абаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қарай қаржыландыру, бұқаралық спортты қарқынды дамыту жөнінде берген тапсырмаларын орындау ведомство жұмысындағы негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, биыл министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын тиісті деңгейде атап өтуі қажет.
Мемлекет басшысы ұлттық спорт резервінің ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындығын күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар Тоқаев жастар үшін ұлттық мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын арттыру қажет екенін айтты.
Президент карантиндік шектеулердің елімізде және шет мемлекеттерде жеңілдетілуіне байланысты туризм саласын дамытудың тың жолдарын әзірлеу маңызды деп есептейді.