https://sputnik.kz/20220315/toqaev-astana-qarzhy-ortalygy-video-23537035.html
Президент "Астана" қаржы орталығының басшысын қабылдады - видео
Президент "Астана" қаржы орталығының басшысын қабылдады - видео
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде АХҚО-да әлемнің алпыс үш елінен 1236 компания тіркелген 15.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-15T17:34+0500
2022-03-15T17:34+0500
2022-03-15T18:02+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
"астана" қаржы орталығы
https://sputnik.kz/img/1023/71/10237149_0:0:1198:674_1920x0_80_0_0_2ab04710f7745b47816ec9d669fd9e43.jpg
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда. Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының былтыр атқарған жұмысының қорытындысы, сондай-ақ шетелдік юрисдикциядан Қазақстанға капиталды қайтару және компанияларды елімізге қайта тіркеу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді.Президент аталған үдерістердің аса маңызды екеніне назар аударды. Олардың жүзеге асырылуы Қазақстанға ірі активтердің қайтарылуын қамтамасыз етіп қана қоймай, қаржы орталығының аймақтық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсететінін атап өтті.Келімбетовтің айтуынша, қазіргі кезде АХҚО-да әлемнің алпыс үш елінен 1236 компания тіркелген. Осы орталық арқылы тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 6,2 миллиард долларды құрайды.АХҚО-ның Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 321 миллион долларға жуық акционерлік капитал мен 1,65 миллиард долларды құрайтын борышкерлік капитал тартылған. Он сегіз қазақстандық және он бір халықаралық брокер АХҚО биржасының сауда жөніндегі мүшесі саналады.Мемлекет басшысына АХҚО-ның қаржы қызметін реттеу комитетінен лицензия алған компаниялардың саны былтыр екі есе өсіп, қырық алтыға жеткені туралы мәлімет берілді. Былтыр AFSA ислам банкіне және ислам қаржыландыру компаниясына алғаш рет лицензия берді. Бұдан бөлек АХҚО соты және Халықаралық арбитраж орталығы бірлесіп, мыңнан астам даулы істі қараған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1023/71/10237149_76:0:1143:800_1920x0_80_0_0_8280ae7ca84323b8e8499f60a129adb9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев касым-жомарт токаев қайрат келімбетов кайрат келимбетов астана қаржы орталығы мфца ахқо afsa astana international exchange aix
қасым-жомарт тоқаев касым-жомарт токаев қайрат келімбетов кайрат келимбетов астана қаржы орталығы мфца ахқо afsa astana international exchange aix
Президент "Астана" қаржы орталығының басшысын қабылдады - видео
17:34 15.03.2022 (жаңартылды: 18:02 15.03.2022) Қазіргі кезде АХҚО-да әлемнің алпыс үш елінен 1236 компания тіркелген
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының былтыр атқарған жұмысының қорытындысы, сондай-ақ шетелдік юрисдикциядан Қазақстанға капиталды қайтару және компанияларды елімізге қайта тіркеу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді.
Президент аталған үдерістердің аса маңызды екеніне назар аударды. Олардың жүзеге асырылуы Қазақстанға ірі активтердің қайтарылуын қамтамасыз етіп қана қоймай, қаржы орталығының аймақтық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсететінін атап өтті.
Келімбетовтің айтуынша, қазіргі кезде АХҚО-да әлемнің алпыс үш елінен 1236 компания тіркелген. Осы орталық арқылы тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 6,2 миллиард долларды құрайды.
АХҚО-ның Astana International Exchange (AIX) биржасы арқылы 321 миллион долларға жуық акционерлік капитал мен 1,65 миллиард долларды құрайтын борышкерлік капитал тартылған. Он сегіз қазақстандық және он бір халықаралық брокер АХҚО биржасының сауда жөніндегі мүшесі саналады.
Мемлекет басшысына АХҚО-ның қаржы қызметін реттеу комитетінен лицензия алған компаниялардың саны былтыр екі есе өсіп, қырық алтыға жеткені туралы мәлімет берілді.
Былтыр AFSA ислам банкіне және ислам қаржыландыру компаниясына алғаш рет лицензия берді. Бұдан бөлек АХҚО соты және Халықаралық арбитраж орталығы бірлесіп, мыңнан астам даулы істі қараған.