Өңірлер

Қызылорда облысында су тапшылығы туындауы мүмкін

© Photo : акимат южно-Казахстанской области / Самат МырзалиевСырдария өзені
Сырдария өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Жазылу
Күріш егістігінің қысқару қаупі төніп тұр
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Қызылорда облысында су тапшылығы болуы мүмкін деген болжам бар. Күріш егістігінің қысқару қаупі төніп тұр.
Суды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылын өсіру бойынша Қызылорда облысы алда екені белгілі. Алдағы уақытта суды көп тұтынатын өнім көлемі бірнеше есе қысқаруы мүмкін.
"Қазіргі таңда Тоқтағұл су қоймасында 7,9 миллиард текше метр су жиналып тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 миллиард текше метрге аз. Шардара су қоймасында жиналған су көлемі 4,8 миллиард текше метр. Су ағыны секундына 495 текше метрді көрсетіп тұр. Былтыр Көксарай су қоймасына 1,3 миллиард текше метр су жиналды. Қазіргі уақытта бұл су қоймаға су алу жұмыстары жүргізілген жоқ. Өйткені Сырдария өзеніндегі су аз", - деді Арал-Сырдария бассейн инспекциясының басшысы Сейітхан ​​Әбуов.
Жергілікті билік соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі су ағынының азаюы өңірдегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды айтарлықтай қиындатып жіібергенін айтып отыр.

"Биыл су тапшылығы қатты білінеді. Сәйкесінше, суды көп тұтынатын дәнді дақылдар көлемі қысқарады. Күріш егістігінің аумағы 64 мың гектарға дейін қысқарды. Сонымен қатар қаңтардан бастап Жаңадария, Жаңарық, Айнакөл, Қаракөл, Қара көлдерінің жүйесін толтыру бойынша жұмыс басталды", - деп нақтылады Әбуов.

Су тапшылығына байланысты "Қызылорда облысында су тапшылығы жағдайында бірінші кезектегі жобаларды жүзеге асырудың жол картасы" жобасы әзірленіп жатыр. Облыстық бюджеттен ұзындығы 157,1 шақырымды құрайтын 20 су арнасын тазалауға қаржы бөлінеді. Елді мекендер үшін 23 дана сорғы қондырғысы сатып алынады.
Жаңалықтар
0