https://sputnik.kz/20220315/qazaqstandyq-galym-zertteu-qarzhy-23539161.html
Екі жарым мыңға жуық қазақстандық ғалым зерттеуіне тұрақты қаржы алады
Екі жарым мыңға жуық қазақстандық ғалым зерттеуіне тұрақты қаржы алады
Sputnik Қазақстан
Ғалымдар бұл мәселені он жылдан бері көтеріп жүр, деді министр 15.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-15T20:46+0500
2022-03-15T20:46+0500
2022-03-15T20:46+0500
білім
асхат аймағамбетов
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0f/23529493_0:0:1024:576_1920x0_80_0_0_213c402c4ec90427a38b9eda7e7ac18c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент жолдауында ведомство берілген тапсырмалар қалай орындалып жатқанын бөлісті. Енді 2 500-ге жуық ғалым ғылыми зерттеулеріне тұрақты жалақы алады. "Бұдан былай гранттардың мерзімі 3 жыл емес, ғалымдар ұсынғандай бес жылды құрайды. Ұлттық ғылыми кеңес шешімдерінің апелляция институты енгізілді. Тікелей қаржыландыру арқылы зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми-зерттеу институты біржолғы гранттардың нәтижелеріне қарамастан қаржыландырылады", - деп жазды министр.Оның айтуынша, ғалымдар ғылыми гранттар мерзімін ұлғайту, іргелі зерттеулерді тікелей қаржыландыруды енгізу және жұмыс істеп жатқан жетекші ғалымдарға еңбекақы төлеу үшін базалық қаржыландыруды кеңейту мәселесін 10 жылға жуық уақыттан бері көтеріп келе жатыр.Дарынды балаларды қолдауМинистрлік халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ олардың тәлімгерлері біржолғы қаржылай сыйлық алуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізді."Халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері мен әлемдік спорттық және шығармашылық байқаулардың жүлдегерлеріне ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарында тегін білім алу құқығы беріледі. Қазіргі күні осындай нормаларды көздейтін заң жобасын парламент мәжілісі қабылдады", - деді Аймағамбетов.Халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары 4,4 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлық алады деп жоспарланып отыр:ЖОО лицензияларыБүгінгі таңда мәжіліс қабылдаған заң жобасына өзгерістер енгізілді. Жоғары оқу орындары 5 жылға жарамды лицензиялар алады деп жоспарланып отыр.Уәкілетті органға сотпен тең дәрежеде сапасыз және заңбұзушылықтарға байланысты лицензияларды кері қайтарып алу құқығын беруге қатысты заң жобасын мәжіліс қабылдады. Бірақ университеттерде қабылданған шешім бойынша сотқа шағымдану құқығы болады.Колледждерге академиялық еркіндік беру туралы тапсырма берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0f/23529493_240:0:1008:576_1920x0_80_0_0_27145e0998915dafc5d22e1320a8ff67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов
Екі жарым мыңға жуық қазақстандық ғалым зерттеуіне тұрақты қаржы алады
Ғалымдар бұл мәселені он жылдан бері көтеріп жүр, деді министр
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент жолдауында ведомство берілген тапсырмалар қалай орындалып жатқанын бөлісті. Енді 2 500-ге жуық ғалым ғылыми зерттеулеріне тұрақты жалақы алады.
"Бұдан былай гранттардың мерзімі 3 жыл емес, ғалымдар ұсынғандай бес жылды құрайды. Ұлттық ғылыми кеңес шешімдерінің апелляция институты енгізілді. Тікелей қаржыландыру арқылы зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми-зерттеу институты біржолғы гранттардың нәтижелеріне қарамастан қаржыландырылады", - деп жазды министр.
Оның айтуынша, ғалымдар ғылыми гранттар мерзімін ұлғайту, іргелі зерттеулерді тікелей қаржыландыруды енгізу және жұмыс істеп жатқан жетекші ғалымдарға еңбекақы төлеу үшін базалық қаржыландыруды кеңейту мәселесін 10 жылға жуық уақыттан бері көтеріп келе жатыр.
Министрлік халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ олардың тәлімгерлері біржолғы қаржылай сыйлық алуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізді.
"Халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері мен әлемдік спорттық және шығармашылық байқаулардың жүлдегерлеріне ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарында тегін білім алу құқығы беріледі. Қазіргі күні осындай нормаларды көздейтін заң жобасын парламент мәжілісі қабылдады", - деді Аймағамбетов.
Халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары 4,4 миллион теңгеге дейін ақшалай сыйлық алады деп жоспарланып отыр:
алтын медаль үшін – 1 500 АЕК,
күміс медаль үшін – 1 000 АЕК (2,9 миллион теңге),
қола медаль үшін – 500 АЕК.
Бүгінгі таңда мәжіліс қабылдаған заң жобасына өзгерістер енгізілді. Жоғары оқу орындары 5 жылға жарамды лицензиялар алады деп жоспарланып отыр.
Уәкілетті органға сотпен тең дәрежеде сапасыз және заңбұзушылықтарға байланысты лицензияларды кері қайтарып алу құқығын беруге қатысты заң жобасын мәжіліс қабылдады. Бірақ университеттерде қабылданған шешім бойынша сотқа шағымдану құқығы болады.
Колледждерге академиялық еркіндік беру туралы тапсырма берілді.