https://sputnik.kz/20220315/qazaqstan-qant-alyp-satarlar-23528048.html
Қазақстанда қант бағасын алып-сатарлар қымбаттатқан
Қазақстанда қант бағасын алып-сатарлар қымбаттатқан
Sputnik Қазақстан
Монополияға қарсы бағытталған іс-қимыл қорытындысы бойынша шара қабылданады 15.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-15T12:50+0500
2022-03-15T12:50+0500
2022-03-15T12:50+0500
қант
баға
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0b/23448654_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_24a6a0a5496f172aa53a04c8dcccbf13.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстан бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бағаға жүргізілген мониторинг нәтижесінде қант бағасы алып-сатарлардың әрекетінен қымбаттағанын анықтады.Монополияға қарсы департамент азаматтарды дүрбелеңге салынбауға шақырып, бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген әрекеттер нәтижесінде алып-сатарлық жолмен бағаны өсіру, сондай-ақ үстемдік жағдайды теріс пайдалану монополиялық кірісті (таза пайданы) тәркілеп, кірістің 3-5 проценті мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін ескертті.Еске сала кетейік, өткен аптада Ресейдің қант экспортына тыйым салуы және Қазақстандағы қант қоры үш айға жететіні туралы хабарлама тарауы салдарынан Қазақстан тұрғындары дүкендегі құмшекерді жаппай сатып алуға кірісті.Сауда министрлігі Қазақстанда қант қоры жеткілікті екенін және алдағы уақытта бұл қорды толықтыруға ешқандай кедергі жоқ екенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20220315/ministr-qarashokeev-qant-23516029.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0b/23448654_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_6f254e071d639879adae3f36aa91df56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант, баға
Қазақстанда қант бағасын алып-сатарлар қымбаттатқан
Монополияға қарсы бағытталған іс-қимыл қорытындысы бойынша шара қабылданады
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстан бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бағаға жүргізілген мониторинг нәтижесінде қант бағасы алып-сатарлардың әрекетінен қымбаттағанын анықтады.
"Қазіргі уақытта нарық субъектілерінің үстемдік үлесін анықтау мақсатында ірі жабдықтаушыларға сауал жолданды. Монополияға қарсы бағытталған іс-қимыл қорытындысы бойынша шара қабылданады", - деп жазылған хабарламада.
Монополияға қарсы департамент азаматтарды дүрбелеңге салынбауға шақырып, бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген әрекеттер нәтижесінде алып-сатарлық жолмен бағаны өсіру, сондай-ақ үстемдік жағдайды теріс пайдалану монополиялық кірісті (таза пайданы) тәркілеп, кірістің 3-5 проценті мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін ескертті.
Еске сала кетейік, өткен аптада Ресейдің қант экспортына тыйым салуы және Қазақстандағы қант қоры үш айға жететіні туралы хабарлама тарауы салдарынан Қазақстан тұрғындары дүкендегі құмшекерді жаппай сатып алуға кірісті.
Сауда министрлігі Қазақстанда қант қоры жеткілікті екенін және алдағы уақытта бұл қорды толықтыруға ешқандай кедергі жоқ екенін мәлімдеді.