Қоғам

Нұр-Сұлтанда 25 жыл бойы халықаралық іздеуде болған ресейлік ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Жазылу
"Іздестіру" операциясы басталғалы Нұр-Сұлтан аумағында 20 қылмыскер ұсталды
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елорданың полиция департаментінің хабарлауынша, ол "Іздестіру" операциясы барысында қолға түскен. Ер адам аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.
51 жастағы азамат 1997 жылы тамызда Ресей Федерациясының Ростов облысында серіктесімен бірге екі адамды өлтірген. Қылмыс автокөлікті иемдену мақсатында пайдакүнемдік ниетпен жасалған.
Ер адам содан бері қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген. Ұсталған адамға Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігі бойынша екі адамды өлтірді деген айып тағылған. Қазір айыпталушы тергеу изоляторына қамалды, экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Айта кетері, 2022 жылдың 9-18 наурызында елордада "іздестіру" операциясы жүргізіліп жатыр. Операция басталғаннан бері Нұр-Сұлтан аумағында 20 қылмыскер анықталып, ұсталды, хабар-ошарсыз кеткен алты азамат табылды.
Жаңалықтар
0