Болат Назарбаевпен байланысы бар майнинг фермалар жұмысын тоқтатты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСувенирная монета с логотипом криптовалюты биткоин
Сувенирная монета с логотипом криптовалюты биткоин - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Жазылу
Қызметін тоқтатқан майнинг фермаларының кейбірінің танымал кәсіпкерлерге қатысы болған
АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 55 майнинг фермасы қызметін өз еркімен тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол фермалардың бір бөлігіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев үлестес болған, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
"Өз қызметін тоқтатқан майнинг компаниялардың арасында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев пен Александр Клебановпен үлестес компаниялар бар. Сондай-ақ Ақтөбе облысында "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысында танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматулинмен үлестес фермалар жұмыс істеген", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Майнтинг фермалары жұмысты толық тоқтатты.
Жабдықтар демонтаждалды, орналасқан жерінен шығарылды. Қазір мемлекеттік органдар бұл жабдықтар қайтадан айналымға түспеуі үшін шаралар қабылдап жатыр.
Сондай-ақ агенттік қызметкерлері 51 майнинг фермасының заңсыз қызметінің жолын кесті. Олардың арасында Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірі Қайрат Итемгеновпен үлестес фермалар бар. Сондай-ақ заңсыз майнинг қызметін ІІМ департаментінің бұрынғы бастығы Тілеген Маткеновпен үлестес компаниялар жүзеге асырғаны анықталды.
"Майнинг компаниялары уәкілетті органға жұмысын бастағаны туралы хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз электр энергиясына заңсыз қосылған, арнайы экономикалық аймақ аумағында негізсіз орналастырылған, сондай-ақ салық пен кеден төлемдерін төлеуден жалтарған. Олар электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылды", - деп хабарлады агенттік.
Агенттіктің хабарлауынша, майнинг жабдықтары Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузиядан әкелінген. Кейде олар контрабандалық жолмен жеткізілген.
"Осындай фактінің бірі Алматы қаласында анықталды, онда Қытайдан 2,8 миллиард теңгеге мыңнан астам майнинг жабдығы әкелінген. Қаржы мониторингі агенттігі 25 қылмыстық істі тіркеді, 67 мыңнан астам жабдық тәркіленді, оның құны 100 миллиард теңгеге жуықтайды", - деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Агенттіктің хабарлауынша, көптеген майнинг фермаларының жұмысы елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін белгілі бір тәуекелдердің пайда болуына әкелді.
Ал қабылдаған шаралар электр энергиясын тұтынудың өсуін тежеп қана қоймай, энергия қуатын босатуға да ықпал етеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елімізде электр энергиясын тәуліктік тұтыну сағатына 600 мегаваттқа төмендеген.
Жаңалықтар
0