https://sputnik.kz/20220315/atyrau-kopbalaly-analar-marapattau-23532342.html
"Алтын алқаны" табыстау рәсіміне атыраулық көпбалалы аналардың көңілі толмады
"Алтын алқаны" табыстау рәсіміне атыраулық көпбалалы аналардың көңілі толмады
Sputnik Қазақстан
Әйелдерді "Алтын алқа" табыстау үшін әкімдікке шақырғанымен, ол жақта лайықты құрмет көрсетілмеген 15.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-15T16:08+0500
2022-03-15T16:08+0500
2022-03-15T16:09+0500
өңірлер
атырау
көпбалалы отбасы
ана
https://sputnik.kz/img/732/07/7320791_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_e77f8fe331763aee15d51ee7c81322dc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз - Sputnik. "Алтын алқа" белгісін табыстау рәсімі Атыраудағы көпбалалы аналардың ашуын тудырды. Бұл туралы жергілікті басылымдардың бірінде жазылған.Атырау қаласының тұрғыны Гаухар Қалыбайқызы қала әкімдігі 4 наурызда Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарды шақырғанын айтты. Олар әкімдікке барып, кезекпен кеңсеге кіріп, үстелдегі "Алтын алқаны" алған. Әкімдік қызметкерлері үш жерде қолтаңба қою керектігін айтқан. Осымен алқаны табыстау аяқталған."Менің ғана емес, басқа да марапат алуға келгендердің көңіл-күйі түсіп кетті. Билікте көпбалалы аналарға құрмет қалмады ма? Күні кеше полицей әйелдерді құттықтап, марапат салтанатты түрде табыс етілді. Ал біз болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеп жатырмыз. Неге бізге лайықты құрмет көрсетілмеді?", деп жазды әйелдің сөзін "Мой город" порталы.Әкімдікте түсіндіргендей, бұл күні көптеген жоспарланған іс-шаралар болды, атап айтқанда, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" құрмет белгілерін тапсыруға бірден 79 әйел келді. Шенеуніктер әйелдерді физикалық түрде құттықтай алмады, деп түсіндірді қала әкімдігі.Әкімдік бұл күні жоспарланған іс-шара көп болды деп түсіндірді. "Алтын алқа" және "Күміс алқа" құрмет белгілерін тапсыруға бірден 79 әйел келді. Шенеуніктер әйелдерді физикалық түрде құттықтай алмады, деп түсіндірді қала әкімдігі."Алтын алқа" – жеті және одан да көп бала туған аналарға берілетін марапат. Ең кіші бала бір жасқа толғанда беріледі."Күміс алқа" – алты баланы дүниеге әкелген әйелдерге беріледі.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/732/07/7320791_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_8c170423375d66aa56f51938e87969ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, көпбалалы отбасы, ана
атырау, көпбалалы отбасы, ана
"Алтын алқаны" табыстау рәсіміне атыраулық көпбалалы аналардың көңілі толмады
16:08 15.03.2022 (жаңартылды: 16:09 15.03.2022) Әйелдерді "Алтын алқа" табыстау үшін әкімдікке шақырғанымен, ол жақта лайықты құрмет көрсетілмеген
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз - Sputnik. "Алтын алқа" белгісін табыстау рәсімі Атыраудағы көпбалалы аналардың ашуын тудырды. Бұл туралы жергілікті басылымдардың бірінде жазылған.
Атырау қаласының тұрғыны Гаухар Қалыбайқызы қала әкімдігі 4 наурызда Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарды шақырғанын айтты. Олар әкімдікке барып, кезекпен кеңсеге кіріп, үстелдегі "Алтын алқаны" алған. Әкімдік қызметкерлері үш жерде қолтаңба қою керектігін айтқан. Осымен алқаны табыстау аяқталған.
"Менің ғана емес, басқа да марапат алуға келгендердің көңіл-күйі түсіп кетті. Билікте көпбалалы аналарға құрмет қалмады ма? Күні кеше полицей әйелдерді құттықтап, марапат салтанатты түрде табыс етілді. Ал біз болашақ Отан қорғаушыларын тәрбиелеп жатырмыз. Неге бізге лайықты құрмет көрсетілмеді?", деп жазды әйелдің сөзін
"Мой город" порталы.
"Көпбалалы аналарға бір гүл де сыйлаған жоқ, алқа мен кітапшаны бере салды, тіпті құттықтау да білдірмеді", – деп жазды тағы бір кө балалы ана Динара Құдайбергенова.
Әкімдікте түсіндіргендей, бұл күні көптеген жоспарланған іс-шаралар болды, атап айтқанда, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" құрмет белгілерін тапсыруға бірден 79 әйел келді. Шенеуніктер әйелдерді физикалық түрде құттықтай алмады, деп түсіндірді қала әкімдігі.
Әкімдік бұл күні жоспарланған іс-шара көп болды деп түсіндірді. "Алтын алқа" және "Күміс алқа" құрмет белгілерін тапсыруға бірден 79 әйел келді. Шенеуніктер әйелдерді физикалық түрде құттықтай алмады, деп түсіндірді қала әкімдігі.
"Алтын алқа" – жеті және одан да көп бала туған аналарға берілетін марапат. Ең кіші бала бір жасқа толғанда беріледі.
"Күміс алқа" – алты баланы дүниеге әкелген әйелдерге беріледі.