https://sputnik.kz/20220314/pavlodar-oblysy-taszhol-kolik-23488259.html
Павлодар облысында тасжолда 200-ге жуық көлік тұрып қалды
Павлодар облысында тасжолда 200-ге жуық көлік тұрып қалды
Sputnik Қазақстан
Тасжолдан 40-қа тарта адам, оның ішінде балалар эвакуацияланды 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T07:21+0500
2022-03-14T07:21+0500
2023-08-10T12:30+0500
павлодар облысы
бұрқасын
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16201073_0:0:1000:563_1920x0_80_0_0_46d16a0dac20135264eb42c7dd282994.jpg
ПАВЛОДАР, 14 наурыз – Sputnik. Республикалық тасжолда тұрып қалған көліктерден құтқарушылар 40-қа тарта адамды эвакуациялады, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.13 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тасжолы жабылды.Онда 150 жеңіл және 50 жүк көлігі тұрып қалды. Қалыптасқан жағдайға байланысты жергілікті полиция қызметінен бекет қойылып, "Сарухан" қонақ үйінің базасында жылыну пункті іске қосылды.Екібастұз қаласының құтқарушылары өрт сөндіру және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, 36 адамды, оның ішінде алты баланы эвакуациялады. Оларға Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамы есебінен тамақ және жылы үй-жай берілді."Сағат 18.00-де тасжол ашылды. Техника кептелісі жойылды, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен полицейлердің сүйемелдеуімен барлық көлік бір колоннамен жолға шықты", - деп хабарлады құтқару қызметі.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16201073_81:0:920:629_1920x0_80_0_0_e03f722afac8f38c7b8b0f9006b2e9c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, бұрқасын
павлодар облысы, бұрқасын
Павлодар облысында тасжолда 200-ге жуық көлік тұрып қалды
07:21 14.03.2022 (жаңартылды: 12:30 10.08.2023) Тасжолдан 40-қа тарта адам, оның ішінде балалар эвакуацияланды
ПАВЛОДАР, 14 наурыз – Sputnik. Республикалық тасжолда тұрып қалған көліктерден құтқарушылар 40-қа тарта адамды эвакуациялады, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
13 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тасжолы жабылды.
Онда 150 жеңіл және 50 жүк көлігі тұрып қалды. Қалыптасқан жағдайға байланысты жергілікті полиция қызметінен бекет қойылып, "Сарухан" қонақ үйінің базасында жылыну пункті іске қосылды.
Екібастұз қаласының құтқарушылары өрт сөндіру және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, 36 адамды, оның ішінде алты баланы эвакуациялады. Оларға Қазақстан Қызыл Жарты ай қоғамы есебінен тамақ және жылы үй-жай берілді.
"Сағат 18.00-де тасжол ашылды. Техника кептелісі жойылды, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен полицейлердің сүйемелдеуімен барлық көлік бір колоннамен жолға шықты", - деп хабарлады құтқару қызметі.