Мәжіліс екі депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

© SputnikҚазақстан парламенті
Қазақстан парламенті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Жазылу
Зүлфия Сүлейменова мен Владимир Тохтасунов міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Парламент мәжілісі Зүлфия Сүлейменова мен Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Зүлфия Сүлейменова міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.
Владимир Тохтасунов та денсаулығына байланысты мәжілістен кетуге шешім қабылдаған.
Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы екі депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәжіліске ұсыным енгізді.
Төменгі палата депутаттары қаулыны бірауыздан қолдап дауыс берді.
Сондай-ақ мәжіліс қатары екі жаңа депутатпен толықты. Атап айтқанда, Қазақстан халық партиясының мүшелері Гаухар Нұғманова және Магеррам Магеррамов Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мәжіліс депутаты болып тіркелді.
Нұғманова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланса, Магеррамов Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.
Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Қоғам
Мәжілістің жаңа депутаты Саясат Нұрбек ант берді
Жаңалықтар
0