https://sputnik.kz/20220314/lomtadze-kaspi-bank-bankrot-23507191.html
Ломтадзе Kaspi bank банкротқа ұшырайды дегендерге жауап берді - видео
Ломтадзе Kaspi bank банкротқа ұшырайды дегендерге жауап берді - видео
Sputnik Қазақстан
Ал Қайрат Сатыбалды төрт жылдан бері банктің жұмысына араласпайды. Ол 2015-2018 жылдары акционер болған 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T17:03+0500
2022-03-14T17:03+0500
2022-03-14T17:53+0500
kaspi bank
банкрот
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23508900_0:219:3072:1947_1920x0_80_0_0_9a69ddce05a0dc15d15b477fe36e80af.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе Қайрат Сатыбалдының ұсталғаны банк қызметіне еш әсер етпейтінін мәлімдеді."Соңғы бірнеше күн бойы Kaspi туралы жалған ақпарат тарап жүр. Осыған байланысты көптеген сұрақ түсе бастады. Сондықтан бірден бұл әңгімеге қатысты өзім пікір білдірейін деп отырмын. Біріншіден, Kaspi банкротқа ұшырайды, Kaspi Gold-тан ақша алуға мүмкіндік болмайды дейді. Бұның барлығы - сандырақ", - дейді Ломтадзе. Оның айтуынша, Kaspi халық арасында кеңінен танымал. Осыны көре алмайтындар бар. Сондықтан жалған ақпарат тарату үшін ақша төлейді, арандатушылық әрекеттерге де барады. Банк басшысы доллар тапшылығын да түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, Ресейге қатысты санкциялар салдарынан қолма-қол доллар жетіспеушілігі бар. Бұрын ақшаны жылдам жеткізіп отыратын. Қазір Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты тасымалдау жұмыстары қиындап кеткен. Банк басшысының пікірінше, бұл – уақытша қиындық. Ал Қайрат Сатыбалды төрт жылдан бері банктің жұмысына араласпайды. Ол 2015-2018 жылдары акционер болған.
https://sputnik.kz/20220314/antikor-qayrat-satybaldy-dubay-23500504.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23508900_286:0:3017:2048_1920x0_80_0_0_8af7ad2ce052183b384eb4c0c51fe936.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
kaspi bank михаил ломтадзе банкротство банкрот қайрат кайрат сатыбалды
kaspi bank михаил ломтадзе банкротство банкрот қайрат кайрат сатыбалды
Ломтадзе Kaspi bank банкротқа ұшырайды дегендерге жауап берді - видео
17:03 14.03.2022 (жаңартылды: 17:53 14.03.2022) Ал Қайрат Сатыбалды төрт жылдан бері банктің жұмысына араласпайды. Ол 2015-2018 жылдары акционер болған
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе Қайрат Сатыбалдының ұсталғаны банк қызметіне еш әсер етпейтінін мәлімдеді.
"Соңғы бірнеше күн бойы Kaspi туралы жалған ақпарат тарап жүр. Осыған байланысты көптеген сұрақ түсе бастады. Сондықтан бірден бұл әңгімеге қатысты өзім пікір білдірейін деп отырмын. Біріншіден, Kaspi банкротқа ұшырайды, Kaspi Gold-тан ақша алуға мүмкіндік болмайды дейді. Бұның барлығы - сандырақ", - дейді Ломтадзе.
Оның айтуынша, Kaspi халық арасында кеңінен танымал. Осыны көре алмайтындар бар. Сондықтан жалған ақпарат тарату үшін ақша төлейді, арандатушылық әрекеттерге де барады.
Банк басшысы доллар тапшылығын да түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, Ресейге қатысты санкциялар салдарынан қолма-қол доллар жетіспеушілігі бар. Бұрын ақшаны жылдам жеткізіп отыратын. Қазір Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты тасымалдау жұмыстары қиындап кеткен. Банк басшысының пікірінше, бұл – уақытша қиындық.
"Қазіргі кезде ұлттық банк қолма-қол ақшаны тікелей АҚШ-тан жеткізу мәселесін пысықтап жатыр. Жақын арада осы мәселені шешуге уәде берді", - деп атап көрсетті Kaspi басшысы.
Ал Қайрат Сатыбалды төрт жылдан бері банктің жұмысына араласпайды. Ол 2015-2018 жылдары акционер болған.