https://sputnik.kz/20220314/futbolshy-video-23490488.html
Футболшы қарсыласын бір ұрып, талдырып тастады – видео
Футболшы қарсыласын бір ұрып, талдырып тастады – видео
Sputnik Қазақстан
Тайландта жас футболшы қарсыласын шынтақпен ұрып құлатты. Ал Аргентинада футболшылар командасы төрешіге жабылып кетті 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T09:10+0500
2022-03-14T09:10+0500
2022-03-14T09:10+0500
спорт
футбол
https://sputnik.kz/img/07e5/06/17/17418581_0:173:3333:2048_1920x0_80_0_0_fd654f617016df8b280c00aa7d672cfc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Тайландта жас футболшы қарсыласын шынтақпен ұрып, талдырып тастады. Сол үшін жұмысынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Матч ТВ Telegram-арнасына сілтеме жасап.Үшінші дивизионда өткен матчта Солтүстік Бангкок университетінің футболшысы ережені бұзып, "Бангкок" клубының ойыншысы Айтсарет Нойчабунды теуіп жіберді. Айтсарет төрешіні күтпей, қарсыласын тай боксының әдісімен шынтақпен бір ұрды. Жарақат алған спортшыны дереу ауруханаға жеткізген. Оның ернін тігуге тура келді.Екі команда арасындағы ойын 13 наурызда өтті. Осы оқиғадан кейін "Бангкок" футбол клубы Нойчабунмен арадағы келісімшарттың тоқтатылғанын мәлімдеді.Ал Аргентинада футболшылар командасы төрешіге жабылып, тепкілеп тастады.Бұл оқиға Кордова провинциясында болған. Әуесқой футболшылар турнирінде "Ла Пуэртэ" командасының ойыншылары мен жанкүйерлері пенальтиден кейін төреші Эдуардо Пасториноға жабылды. Лига президенті төрешіні қорғаймын деп, таяқ жеп қалды. Жанкүйерлердің бірі термос лақтырған.Екі ер адам ауруханаға түсті. Полиция тергеуді бастады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/17/17418581_153:0:2884:2048_1920x0_80_0_0_75f490aaddbef40bb408fa6e523b9b9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол
Футболшы қарсыласын бір ұрып, талдырып тастады – видео
Тайландта жас футболшы қарсыласын шынтақпен ұрып құлатты. Ал Аргентинада футболшылар командасы төрешіге жабылып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Тайландта жас футболшы қарсыласын шынтақпен ұрып, талдырып тастады. Сол үшін жұмысынан айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Матч ТВ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Үшінші дивизионда өткен матчта Солтүстік Бангкок университетінің футболшысы ережені бұзып, "Бангкок" клубының ойыншысы Айтсарет Нойчабунды теуіп жіберді. Айтсарет төрешіні күтпей, қарсыласын тай боксының әдісімен шынтақпен бір ұрды. Жарақат алған спортшыны дереу ауруханаға жеткізген. Оның ернін тігуге тура келді.
Екі команда арасындағы ойын 13 наурызда өтті. Осы оқиғадан кейін "Бангкок" футбол клубы Нойчабунмен арадағы келісімшарттың тоқтатылғанын мәлімдеді.
Ал Аргентинада футболшылар командасы төрешіге жабылып, тепкілеп тастады.
Бұл оқиға Кордова провинциясында болған. Әуесқой футболшылар турнирінде "Ла Пуэртэ" командасының ойыншылары мен жанкүйерлері пенальтиден кейін төреші Эдуардо Пасториноға жабылды. Лига президенті төрешіні қорғаймын деп, таяқ жеп қалды. Жанкүйерлердің бірі термос лақтырған.
Екі ер адам ауруханаға түсті. Полиция тергеуді бастады.