Видео

"Тараз - тарихымыздың темірқазығы" деректі фильмі жарық көрді - видео

Жазылу
Тараз – тарихымыздың темірқазығы. Дәл осындай атпен деректі фильм жарық көрді. Фильмде түрленген Тараз, Әулиеата жеріндегі өзгерістер көрсетілген
Тәуелсіздік жылдары ел экономикасында жасалған түбегейлі өзгерістен жамбылдықтар да құр алақан емес. Қазақстан президентінің Телерадиокешені әзірлеген "Тараз – тарихымыздың темірқазығы" атты деректі фильмде өткені өнегелі өңірдің жаңашыл сипаты айқын бедерленген.
Облыс баламалы энергия көздерін дамытуда ел бойынша көш бастап тұр. 2011 жылы Қордай ауысында жел электр станциясы іске қосылып, содан бері жұмыс істеп тұр.
Жуалы ауданындағы Бурное Solar күн электр станциясы – ТМД аумағындағы теңдесі жоқ станция. Ол 224 гектар аумақты алып жатыр. Екі күн электр станциясы іске қосылғалы бері Kegoc электр желісіне 795 миллион киловатт сағат энергия берген.
Әулиеталықтар әлеуеті баламалы энергия көздерін дамытудағы жетістіктері, ауыл шаруашылығымен ғана емес, спорттағы жеңісімен де мақтана алады. Облыс орталығы Тараздағы сәулеттік композициялық үйлесім соңғы жылдары қайта жаңғырып, ежелгі шаһардың келбеті айшықтала түсті.
Жамбыл облысы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, көкөніс қоймаларын көбейтіп, сыйымдылығын арттыру бойынша нақты іске көшкен өңірдің бірі. Облыс ел бойынша қызылша өнімін өндіретін өңірдің бірі саналады. Меркі ауданындағы алып зауыттың аты Кеңес одағынан бері белгілі. Десе де, тоқырау жылдарында тұралап қалған зауыт жұмысына кейінгі уақытта қайта жан бітті.
2016 жылы жаңғырту жүргізілген зауыт тәулігіне 3 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өндіретін мүмкіндікке ие. Тек шикізаттың аздығы ғана қол байлап тұр. Түрленген Тараз тарихы мен Жамбыл облысындағы жүзеге асқан жобалар жайлы толығырақ видеодан көре аласыздар.
Жаңалықтар
0