https://sputnik.kz/20220314/advokat-qantar-oqigasy-uly-zattar-23497292.html
Адвокат қаңтар оқиғасы кезінде улы заттар ұрланғанын айтты
Адвокат қаңтар оқиғасы кезінде улы заттар ұрланғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Тәртіпсіздіктер кезінде калий цианиді бар бірнеше бөшке ұрланған 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T11:49+0500
2022-03-14T11:49+0500
2022-05-23T14:25+0500
улы зат
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22527147_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_c52f5621a8b38eb9b6455fada35b89da.jpg
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Адвокат Айман Омарова қаңтардағы оқиғасы жайлы айта келе, 2019 жылдан бастап Қазақстанға Ауғанстаннан адамдар келгенін мәлімдеді.Оның сөзінше, бесінші қаңтарда митингіге шыққандардың арасында қазақ және орыс тілін білмейтін азиялықтар көп болған.Оның айтуынша, қазір олар Қазақстаннан шығып, Түркияға және Еуропаға кеткен. Ол сондай-ақ кәсіби дайындалған топтардың қаңтардағы оқиғаларға кемінде екі жыл дайындалғанын атап өтті.Атап айтса, тәртіпсіздіктер кезінде калий цианиді бар бірнеше бөшке ұрланған."Ғалымжан Нақбаевтың ісі бойынша қоймалардан әсері күшті улы заттар, калий цианидінің бірнеше бөшкесі ұрланды. Бұл заттың 500 грамы бір қаланың халқын жансыздандырып тастауға қауқарлы. Зауытта шамамен 35 бөшке болған. Бұдан бөлек, қоймаларда басқа да химиялық заттар болған: күйдіргіш сода, азот қышқылы және басқа да заттар", - деді адвокат.Омарова барлық осы іске ҰҚК қызметкерлерінің қатысы бар екенін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22527147_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_dcfb699955347b37c4037238bd254292.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
улы зат
Адвокат қаңтар оқиғасы кезінде улы заттар ұрланғанын айтты
11:49 14.03.2022 (жаңартылды: 14:25 23.05.2022) Тәртіпсіздіктер кезінде калий цианиді бар бірнеше бөшке ұрланған
АЛМАТЫ, 14 наурыз – Sputnik. Адвокат Айман Омарова қаңтардағы оқиғасы жайлы айта келе, 2019 жылдан бастап Қазақстанға Ауғанстаннан адамдар келгенін мәлімдеді.
Оның сөзінше, бесінші қаңтарда митингіге шыққандардың арасында қазақ және орыс тілін білмейтін азиялықтар көп болған.
"Бізде 2019 жылдан бастап Қазақстанға Ауғанстаннан адамдар келгені туралы ақпарат бар, оларға белгілі бір мәртебе берілген. Қаңтардағы оқиғалардан кейін олардың паспорттары жойылған", - деді Айман Омарова.
Оның айтуынша, қазір олар Қазақстаннан шығып, Түркияға және Еуропаға кеткен. Ол сондай-ақ кәсіби дайындалған топтардың қаңтардағы оқиғаларға кемінде екі жыл дайындалғанын атап өтті.
Атап айтса, тәртіпсіздіктер кезінде калий цианиді бар бірнеше бөшке ұрланған.
"Ғалымжан Нақбаевтың ісі бойынша қоймалардан әсері күшті улы заттар, калий цианидінің бірнеше бөшкесі ұрланды. Бұл заттың 500 грамы бір қаланың халқын жансыздандырып тастауға қауқарлы. Зауытта шамамен 35 бөшке болған. Бұдан бөлек, қоймаларда басқа да химиялық заттар болған: күйдіргіш сода, азот қышқылы және басқа да заттар", - деді адвокат.
Омарова барлық осы іске ҰҚК қызметкерлерінің қатысы бар екенін айтты.