https://sputnik.kz/20220313/zapas-shaqyrylgan-ofitserler-zhenildikter-23481266.html
Запастан шақырылған офицерлер қандай жеңілдіктерге ие болады
Запастан шақырылған офицерлер қандай жеңілдіктерге ие болады
Sputnik Қазақстан
Биыл Қарулы күштерге – 150, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 запастағы офицер шақырылады 13.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-13T14:01+0500
2022-03-13T14:01+0500
2022-03-13T14:01+0500
қоғам
офицерлер
жеңілдіктер
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/10/18429715_0:3:1100:622_1920x0_80_0_0_ba42c462280b01111c8134455f1a31d2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің аға офицері подполковник Берік Айнабеков запастан шақырылатын офицерлерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.Биыл үкімет қаулысына сәйкес Қарулы күштерге 150 офицер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 офицер шақырылады. Запастағы офицерлер 24 айға, яғни 2 жылға шақыртылады.Айнабековтің айтуынша, әскери қызметшілер үшін қарастырылған жеңілдіктер запастан шақырылған офицерлерге де қолданылады."Қазір офицерлер шақырылған уақытта жалақысын алады. Сонымен қатар, жалдамалы пәтерге ақша төленеді. Әрбір өңірдің өзінің тарифі бар. Жалғыз өзі болса, өзіне төленеді. Отбасы болса, барлық мүшесіне толығымен төленеді. Егер барған жерлерінде қызметтік пәтер болса, сонымен қамтамасыз етіледі. Болмаған жағдайда, жаңағыдай ақша төленеді. Бұл жалақыдан бөлек", - деді Айнабеков қорғаныс министрлігінің онлайн-брифингінде.Сондай-ақ олар киім-кешек, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.Аға офицер запастағы офицерлердің бұрынғы жұмыс орны, жалақсысы сақтала ма деген сұраққа да жауап берді."Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңға сәйкес, запастан шақырылған офицерлерге атқарып жатқан лауазымдарына сәйкес жалақы төленеді. Сондықтан бұрынғы жұмыс орны мен жалақысы сақталмайды", - деді ол.Айнабековтің айтуынша, Қарулы күштерге өте сирек кездесетін мамандар, біріншіден медицина, артиллерист, авиация-техника және психолог мамандары жетіспейді. Сондықтан жыл сайынғы қаулыға сәйкес офицерлер шақырылып отырады.
https://sputnik.kz/20220225/qazaqstandyq-asker-shaqyrylady-23088710.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/10/18429715_134:0:967:625_1920x0_80_0_0_e4a9ad6df8e15252c3c26a3724401179.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
офицерлер, жеңілдіктер
Запастан шақырылған офицерлер қандай жеңілдіктерге ие болады
Биыл Қарулы күштерге – 150, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 запастағы офицер шақырылады
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің аға офицері подполковник Берік Айнабеков запастан шақырылатын офицерлерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.
Биыл үкімет қаулысына сәйкес Қарулы күштерге 150 офицер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 40 офицер шақырылады. Запастағы офицерлер 24 айға, яғни 2 жылға шақыртылады.
Айнабековтің айтуынша, әскери қызметшілер үшін қарастырылған жеңілдіктер запастан шақырылған офицерлерге де қолданылады.
"Қазір офицерлер шақырылған уақытта жалақысын алады. Сонымен қатар, жалдамалы пәтерге ақша төленеді. Әрбір өңірдің өзінің тарифі бар. Жалғыз өзі болса, өзіне төленеді. Отбасы болса, барлық мүшесіне толығымен төленеді. Егер барған жерлерінде қызметтік пәтер болса, сонымен қамтамасыз етіледі. Болмаған жағдайда, жаңағыдай ақша төленеді. Бұл жалақыдан бөлек", - деді Айнабеков қорғаныс министрлігінің онлайн-брифингінде.
Сондай-ақ олар киім-кешек, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Аға офицер запастағы офицерлердің бұрынғы жұмыс орны, жалақсысы сақтала ма деген сұраққа да жауап берді.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңға сәйкес, запастан шақырылған офицерлерге атқарып жатқан лауазымдарына сәйкес жалақы төленеді. Сондықтан бұрынғы жұмыс орны мен жалақысы сақталмайды", - деді ол.
Айнабековтің айтуынша, Қарулы күштерге өте сирек кездесетін мамандар, біріншіден медицина, артиллерист, авиация-техника және психолог мамандары жетіспейді. Сондықтан жыл сайынғы қаулыға сәйкес офицерлер шақырылып отырады.