Өңірлер

Түркістанда құрғақшылыққа шыдамды мақтаның жаңа түрі шығарылды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиМақта
Мақта  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2022
Жазылу
Мақтаның жаңа түрі зиянкестерге де төзімді
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Мақтарал мен Жетісай аудандарының шаруалары мақтаның бұл түрін жаппай егуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары екі жылдан бері мақтаның жаңа түрін тексерген. Тұқым арнайы егістік алқаптарында көбейтілді. Ол зиянкестерге төзімді. Сондықтан арнайы химиялық қоспаның шығыны екі есеге дейін азаяды.
Сондай-ақ, дақыл ерте өнім беріп, құрғақшылыққа шыдамды келеді. Болжам бойынша жоғары сұрыппен гектардан 45 центнерге дейін өнім алуға болады.
Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Махамбетовтің айтуынша, сақтандыру қорымен есептегенде 1 мың 800 тоннадай тұқым қажет болады.
"Қазір дайындалғаны 1 мың тоннаға жақындап қалды. Мақта деген өте қиын дақыл. Басқа дақылдардан сорт шығаруға болады. Мақтадан ол өте қиын болады. 70 жылда зорға сорт шықты ғой бізде. Өзіміздің тәжірибе станциясынан", - дейді Махамбетов.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Көктемгі егіс: шаруаларға дизель отыны қанша теңгеден сатылады
Жаңалықтар
0