Денсаулық

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын азайып келеді

© AP Photo / Alexandr KulikovАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2022
Жазылу
Қазіргі таңда он бір мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 98 адам тіркелді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 8,
Алматы қаласында - 41,
Шымкент қаласында – 1,
Ақмола облысында – 2,
Ақтөбе облысында 0,
Алматы облысында - 5,
Атырау облысында - 0,
Шығыс Қазақстан облысында - 4,
Жамбыл облысында - 2,
Батыс Қазақстан облысында - 3,
Қарағанды облысында - 5,
Қостанай облысында - 9,
Қызылорда облысында - 0,
Маңғыстау облысында - 0,
Павлодар облысында - 4,
Солтүстік Қазақстан облысында - 14,
Түркістан облысында - 0.
Жалпы елімізде пандемия басталғалы 1 304 442 адам індетке шалдықты.
13 наурыздағы мәлімет бойынша 10 881 адам коронавирус инфекциясынан (9 825 КВИ+ және 1 056 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 988 пациент стационарда, 9 893 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Вирус жұқтырғандар арасында:
89 адамның жағдайы ауыр,
26 пациенттің жағдайы өте ауыр,
21 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0