Қоғам

"Жас кезінен көп оқиды": Тоқаевтың студент кезіндегі фотосы жарияланды

© Pixabay / congerdesignГазеттер
Газеттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2022
Жазылу
Президенттің газет оқып отырған суреті 1975 жылы институт жатақханасында түсірілген
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың студент кезіндегі фотосын жариялады.
"Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды. Мына фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан", - деп жазды "Борт 1" Telegram-арнасы.
Ресми мәліметке сәйкес, президенттің газет оқып отырған суреті 1975 жылы Мәскеу қаласы халықаралық қатынастар институтының жатақханасында түсірілген.
Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарнаға берген сұхбатында газет-журналды көп оқитынын айтқан.
"Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін", - дейді Тоқаев.
Бұған дейін президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың тұрақты түрде оқитын отандық және шетелдік басылымдарын көрсеткен болатын.
Жаңалықтар
0