https://sputnik.kz/20220312/soltustik-qazaqstan-oblysy-ayel-men-uly-23470976.html
Солтүстік Қазақстан облысында үйден әйел мен ұлының мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысында үйден әйел мен ұлының мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
Анасы мен баласы иіс тиіп көз жұмды деген болжам бар. Бірақ мамандар сараптама нәтижесін күтіп отыр 12.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-12T15:56+0500
2022-03-12T15:56+0500
2022-03-12T15:56+0500
оқиға
солтүстік қазақстан облысы
әйел
ұл
мәйіт
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18084880_0:0:1443:811_1920x0_80_0_0_5abcde9cae766e57aeb4c33747d5bb4c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жер үйден әйел мен оның ұлының денесі табылды. Өлім себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Төтенше жағдай Тайынша ауданы Донецкое ауылында болды. Үйден екі адамның – 1968 жылғы әйел мен оның 1995 жылғы ұлының мәйіті табылды. Өлім себебі анықталып жатыр, мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.Бір нұсқа бойынша анасы мен ұлы иіс тиіп көз жұмған. Десе де мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты."Біздің қызметкерлер жұмыс істеп жатыр, өрт зертханасы үйде иіс газы болды ма, жоқ па, соны анықтайды. Бірақ әзірге дөп басып ештеңе айта алмаймыз. Оның үстіне пештің тартпасын тексергенде, ол ашық болған. Сол себепті иіс газы болмауы да мүмкін", - деді Растихин.Көршілері қаза болғандарды екі-үш күн көрмегенін айтты. Ауылдың кейбір тұрғындары олардың ішімдікке әуес болғанын атап өтті.Жылыту маусымы басталғалы бері 24адам иіс тиіп көз жұмған.
https://sputnik.kz/20220301/aqmola-oblysy-ort-23206801.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18084880_168:0:1249:811_1920x0_80_0_0_06febf5a137a1b09d8b91629abc85c8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, әйел, ұл, мәйіт
солтүстік қазақстан облысы, әйел, ұл, мәйіт
Солтүстік Қазақстан облысында үйден әйел мен ұлының мәйіті табылды
Анасы мен баласы иіс тиіп көз жұмды деген болжам бар. Бірақ мамандар сараптама нәтижесін күтіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жер үйден әйел мен оның ұлының денесі табылды. Өлім себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Төтенше жағдай Тайынша ауданы Донецкое ауылында болды. Үйден екі адамның – 1968 жылғы әйел мен оның 1995 жылғы ұлының мәйіті табылды. Өлім себебі анықталып жатыр, мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Бір нұсқа бойынша анасы мен ұлы иіс тиіп көз жұмған. Десе де мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин қорытынды жасауға әлі ерте екенін айтты.
"Біздің қызметкерлер жұмыс істеп жатыр, өрт зертханасы үйде иіс газы болды ма, жоқ па, соны анықтайды. Бірақ әзірге дөп басып ештеңе айта алмаймыз. Оның үстіне пештің тартпасын тексергенде, ол ашық болған. Сол себепті иіс газы болмауы да мүмкін", - деді Растихин.
Көршілері қаза болғандарды екі-үш күн көрмегенін айтты. Ауылдың кейбір тұрғындары олардың ішімдікке әуес болғанын атап өтті.
Жылыту маусымы басталғалы бері 24адам иіс тиіп көз жұмған.