https://sputnik.kz/20220312/shetel-investitsiya-talap-23463198.html
Шетелдік инвестицияларға қатысты талапты өзгерту қажет – ресейлік БАҚ
Шетелдік инвестицияларға қатысты талапты өзгерту қажет – ресейлік БАҚ
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Шетелдік бизнестің Ресейден жаппай кетуі өткен онжылдықта бүкіл әлем ақиқаттай сеніп келген екі мәселенің ақ-қарасын ажыратты... 12.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-12T08:19+0500
2022-03-12T08:19+0500
2022-03-12T10:47+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/1338/02/13380221_0:164:3057:1884_1920x0_80_0_0_5c35c81762f59acf52160ce4b542cbf8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Шетелдік бизнестің Ресейден жаппай кетуі өткен онжылдықта бүкіл әлем ақиқаттай сеніп келген екі мәселенің ақ-қарасын ажыратты, деп жазды РИА Новости.Біріншіден, бұл трансұлттық компаниялар жаһанданудың көшбасшысы, ұйымдастырушысы және драйвері деген тұжырымға және олар ұлттық мемлекеттерден басым түсіп, оларды бәсеңдететіні туралы теорияға қатысты.Материал авторының пікірінше, соңғы аптадағы Ресейдегі ахуал кез келген трансұлттық бизнестің отаны бар екенін және ол бұйрық берсе (мысалы, белгілі бір мемлекеттен кетуді бұйырса), компанияның бағынудан басқа амалы қалмайтынын аңғартты.Ал екінші мәселе біріншіден бастау алады: бизнес, әсіресе корпоративті ірі бизнес өз қызметінде экономикалық тиімділікті басшылыққа алады. Бұл теорияның да жалған екені анықталды. Себебі срапашылар Ресейден кеткен компаниялардың шығыны миллиондар мен миллиардтарға жететінін айтып жатыр. Ал брендтер бұл жағдайды "жұмысты уақытша тоқтату" ретінде жеткізіп жатыр. Бұл олардың жағдай түзелген шақта қайтадан Ресей нарығына оралуға деген үміті бар екенін білдіріп тұр.Бірақ Ресей үшін ауқымды әрі күрделі сын-қатер туындады. Мемлекет алдағы апта мен айларда өте шұғыл түрде жағымсыз әсерді мейлінше төмендетіп, жаппай жұмыссыздық пен негізгі салалардың тоқырауын болдырмауы қажет, деп жазды басылым."Макдональдс" секілді компаниялардың нарықтан кетуі ірі қалалардағы қоғамдық тамақтану мәселесінде қиындықтар тудырады. ІТ мен басқа да стратегиялық салалардағы ахуал тіпті мәз емес.Ресейдегі соңғы апталардағы жағдай шетелдік инвестицияларға мемлекеттік көзқарасты өзгертудің маңызы үлкен екенін аңғартты. Себебі шетелдік инвестициялар ұлттық экономикаға табыс кіргізіп, оның дамуына үлес қосады. Ал инвесторларға қатысты шектеу енгізу олардың сол елге қаражат салуына кедергі болады.Мұны көбі бұған дейін де жақсы түсінді, дәл қазір шетелдік бизнес нарықтан жаппай кету арқылы елдің экономикасы мен қоғамдық өмір салаларын құлдыратуға, елді тұрақсыздандыруға тырысып жатыр. Сондықтан шетелдік компаниялар мен олардың жұмысына қатысты жаңа ережелер әзірлейтін уақыт жетті.Бұл мәселеде әлемнің белгілі бір тәжірибесі бар екені анық. Осы бағытта Қытай көптен бері және қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бұл елде шетелдік инвестицияларға толығымен тыйым салынған салалар тізімі бар. Өткен жылы Қытайда жекеменшік білім беру қызметі нарығын қалыптастыруға қатысты дау білім саласындағы шетелдік инвесторларды ығыстыру мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар Қытайда шетелдік фирмалар өкілдіктері арқылы жұмыс істей алмайды. Жүз процент капиталы бар компанияның өзі де толыққанды жұмыс жүргізуі үшін елде тіркелуі қажет.Ресейдегі жағдайды ескерсе, Қытай бұл мәселедегі талаптарды бұрынғыдан бетер қатаңдатуы мүмкін. Өйткені елде бизнесті тіркеу бас компаниядан тапсырма алған күні-ақ бизнестің жабылып қалмауына кепілдік бола алмайды.Осы тұста Ресейге басқа елдердің стандарттан тыс тәжірибесіне көңіл аударғаны жөн. Бұл мәселеде Біріккен Араб Әмірліктері ерекшеленеді.2019 жылы шетел инвестицияларын белсенді тарту мақсатында бұл мемлекет өзінің экономикалық заңнамасын айтарлықтай "жұмсартты": ол белгілі бір жағдайда толығымен шетелдік капиталы бар компаниялар құруға мүмкіндік берді.Бұған дейін шетелдік инвесторлар не мемлекеттің, не БАӘ азаматының қатысуымен бірлескен кәсіпорын құруға міндетті болды. Әмірлік азаматтары қатысса, онда оған компания акциясының кемінде 51 проценті тиесілі болуы қажет. Бұл норма кей салада сақталғанымен, 2019 жылғы заң процесті айтарлықтай жұмсартты. Сол кезде экономистер мен бизнесмендер шетелдік капиталға қатысты шектеулерді алып тастауды бірауыздан қолдады.Бірақ 2022 жылы жағдай түбегейлі басқаша болып отыр: шетелдік қаражат ұлттық экономиканы дамытуға көмектесіп қана қоймай, оның қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сондықтан әмірлік билігі бастапқыда дұрыс пікірде болды деген ой қалыптасады.Қалай болғанда да осы күндердің ішінде сескенетін мәселе расында да бар екені белгілі болды. Батыс нарық заңдарының күші жоқ екенін дәлелдеді.Автор қорыта келе, "Ресейге қауіпсіздік пен шетелдік инвестициялардың бірін таңдау қажет болса, міндетті түрде біріншісіне тоқталуға тиіс" деген тұжырым жасаған.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1338/02/13380221_163:0:2894:2048_1920x0_80_0_0_441ac68ce9ff123b2148a5cea41a1c9c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Шетелдік бизнестің Ресейден жаппай кетуі өткен онжылдықта бүкіл әлем ақиқаттай сеніп келген екі мәселенің ақ-қарасын ажыратты, деп жазды
РИА Новости. Біріншіден, бұл трансұлттық компаниялар жаһанданудың көшбасшысы, ұйымдастырушысы және драйвері деген тұжырымға және олар ұлттық мемлекеттерден басым түсіп, оларды бәсеңдететіні туралы теорияға қатысты.
Материал авторының пікірінше, соңғы аптадағы Ресейдегі ахуал кез келген трансұлттық бизнестің отаны бар екенін және ол бұйрық берсе (мысалы, белгілі бір мемлекеттен кетуді бұйырса), компанияның бағынудан басқа амалы қалмайтынын аңғартты.
Ал екінші мәселе біріншіден бастау алады: бизнес, әсіресе корпоративті ірі бизнес өз қызметінде экономикалық тиімділікті басшылыққа алады. Бұл теорияның да жалған екені анықталды. Себебі срапашылар Ресейден кеткен компаниялардың шығыны миллиондар мен миллиардтарға жететінін айтып жатыр. Ал брендтер бұл жағдайды "жұмысты уақытша тоқтату" ретінде жеткізіп жатыр. Бұл олардың жағдай түзелген шақта қайтадан Ресей нарығына оралуға деген үміті бар екенін білдіріп тұр.
Бірақ Ресей үшін ауқымды әрі күрделі сын-қатер туындады. Мемлекет алдағы апта мен айларда өте шұғыл түрде жағымсыз әсерді мейлінше төмендетіп, жаппай жұмыссыздық пен негізгі салалардың тоқырауын болдырмауы қажет, деп жазды басылым.
"Макдональдс" секілді компаниялардың нарықтан кетуі ірі қалалардағы қоғамдық тамақтану мәселесінде қиындықтар тудырады. ІТ мен басқа да стратегиялық салалардағы ахуал тіпті мәз емес.
Ресейдегі соңғы апталардағы жағдай шетелдік инвестицияларға мемлекеттік көзқарасты өзгертудің маңызы үлкен екенін аңғартты. Себебі шетелдік инвестициялар ұлттық экономикаға табыс кіргізіп, оның дамуына үлес қосады. Ал инвесторларға қатысты шектеу енгізу олардың сол елге қаражат салуына кедергі болады.
Мұны көбі бұған дейін де жақсы түсінді, дәл қазір шетелдік бизнес нарықтан жаппай кету арқылы елдің экономикасы мен қоғамдық өмір салаларын құлдыратуға, елді тұрақсыздандыруға тырысып жатыр. Сондықтан шетелдік компаниялар мен олардың жұмысына қатысты жаңа ережелер әзірлейтін уақыт жетті.
Бұл мәселеде әлемнің белгілі бір тәжірибесі бар екені анық. Осы бағытта Қытай көптен бері және қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бұл елде шетелдік инвестицияларға толығымен тыйым салынған салалар тізімі бар. Өткен жылы Қытайда жекеменшік білім беру қызметі нарығын қалыптастыруға қатысты дау білім саласындағы шетелдік инвесторларды ығыстыру мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар Қытайда шетелдік фирмалар өкілдіктері арқылы жұмыс істей алмайды. Жүз процент капиталы бар компанияның өзі де толыққанды жұмыс жүргізуі үшін елде тіркелуі қажет.
Ресейдегі жағдайды ескерсе, Қытай бұл мәселедегі талаптарды бұрынғыдан бетер қатаңдатуы мүмкін. Өйткені елде бизнесті тіркеу бас компаниядан тапсырма алған күні-ақ бизнестің жабылып қалмауына кепілдік бола алмайды.
Осы тұста Ресейге басқа елдердің стандарттан тыс тәжірибесіне көңіл аударғаны жөн. Бұл мәселеде Біріккен Араб Әмірліктері ерекшеленеді.
2019 жылы шетел инвестицияларын белсенді тарту мақсатында бұл мемлекет өзінің экономикалық заңнамасын айтарлықтай "жұмсартты": ол белгілі бір жағдайда толығымен шетелдік капиталы бар компаниялар құруға мүмкіндік берді.
Бұған дейін шетелдік инвесторлар не мемлекеттің, не БАӘ азаматының қатысуымен бірлескен кәсіпорын құруға міндетті болды. Әмірлік азаматтары қатысса, онда оған компания акциясының кемінде 51 проценті тиесілі болуы қажет. Бұл норма кей салада сақталғанымен, 2019 жылғы заң процесті айтарлықтай жұмсартты. Сол кезде экономистер мен бизнесмендер шетелдік капиталға қатысты шектеулерді алып тастауды бірауыздан қолдады.
Бірақ 2022 жылы жағдай түбегейлі басқаша болып отыр: шетелдік қаражат ұлттық экономиканы дамытуға көмектесіп қана қоймай, оның қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сондықтан әмірлік билігі бастапқыда дұрыс пікірде болды деген ой қалыптасады.
Қалай болғанда да осы күндердің ішінде сескенетін мәселе расында да бар екені белгілі болды. Батыс нарық заңдарының күші жоқ екенін дәлелдеді.
Автор қорыта келе, "Ресейге қауіпсіздік пен шетелдік инвестициялардың бірін таңдау қажет болса, міндетті түрде біріншісіне тоқталуға тиіс" деген тұжырым жасаған.