https://sputnik.kz/20220312/pavlodar-zhol-apaty-kolik-23466882.html
Павлодар тұрғыны қымбат көлігін жөндетуге апарғанына өкініп қалды
Павлодар тұрғыны қымбат көлігін жөндетуге апарғанына өкініп қалды
Sputnik Қазақстан
19 жастағы жігіт клиенттің қымбат көлігімен қыдырамын деп, жол апатын жасады 12.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-12T12:27+0500
2022-03-12T12:27+0500
2023-08-10T11:58+0500
павлодар
жол апаты
https://sputnik.kz/img/870/53/8705385_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_b0f5015c3775b9e3516b16789a07289f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Павлодар қаласында техникалық қызмет көрсету станциясының маманы жөндеуде тұрған қымбат кроссоверді мініп кеткен. Бірақ көп ұзамай, жол апатына түскен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, қала тұрғыны Камзин көшесіндегі техникалық қызмет көрсету станциясына Lexus NХ200 маркалы көлігін " жөндеуге қалдырған. Ал 8 наурызда сол жерде слесарь болып істейтін жас жігіт мас күйде қымбат кроссоверді мініп кеткен."19 жастағы жас жігіт Қамзин-Киров көшелерінің қиылысында бағдаршамға тоқтаған "Мерседес" көлігімен соқтығысқан. Ол көлік "Лада-Грантаға", ал Лада "Лифанға" барып соғылған. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші мас болған", - дейді полицейлер.Оған қоса, жүргізуші куәлігі де болмаған. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы, 6-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Сот санкциясымен ол 20 тәулікке қамауға алынды.Бұдан бөлек, ұрлық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапта 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/870/53/8705385_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_3c4f3ae20528f6bb99d7a1b362ea3972.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, жол апаты
Павлодар тұрғыны қымбат көлігін жөндетуге апарғанына өкініп қалды
12:27 12.03.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) 19 жастағы жігіт клиенттің қымбат көлігімен қыдырамын деп, жол апатын жасады
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Павлодар қаласында техникалық қызмет көрсету станциясының маманы жөндеуде тұрған қымбат кроссоверді мініп кеткен. Бірақ көп ұзамай, жол апатына түскен, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, қала тұрғыны Камзин көшесіндегі техникалық қызмет көрсету станциясына Lexus NХ200 маркалы көлігін " жөндеуге қалдырған. Ал 8 наурызда сол жерде слесарь болып істейтін жас жігіт мас күйде қымбат кроссоверді мініп кеткен.
"19 жастағы жас жігіт Қамзин-Киров көшелерінің қиылысында бағдаршамға тоқтаған "Мерседес" көлігімен соқтығысқан. Ол көлік "Лада-Грантаға", ал Лада "Лифанға" барып соғылған. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші мас болған", - дейді полицейлер.
Оған қоса, жүргізуші куәлігі де болмаған. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы, 6-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Сот санкциясымен ол 20 тәулікке қамауға алынды.
Бұдан бөлек, ұрлық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бапта 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 063 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.