Назарбаев пен Ердоған Украинадағы жағдайды талқылады

© Photo : Пресс-служба ЕлбасыНазарбаев Ердоғанмен кездесті
Назарбаев Ердоғанмен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2022
Жазылу
Назарбаев пен Ердоған Украинадағы әскери қақтығысты дипломатия арқылы шешу бағытында күш-жігер жұмсаудың маңызды екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дипломатиялық форум аясында Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.
Елбасы Түркия Республикасының президентіне халықаралық форумға қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, қазіргі жаһандық геосаяси өзгерістер кезінде бұл жиынның маңызы ерекше екеніне тоқталды.
"Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия арасында қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуына Нұрсұлтан Назарбаев қомақты үлес қосқанын атап өтті", - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Түркия президенті түркі әлемі елдерінің интеграциялық процесін кеңейту әрі тереңдету ісіндегі Қазақстанның тұңғыш президентінің қызметіне жоғары баға берді.
Кездесуде тараптар күн тәртібіндегі ең өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алысты. Олар Украинадағы әскери қақтығысты дипломатия және мемлекетаралық диалогты қалпына келтіру арқылы шешу бағытында күш-жігер жұмсаудың маңызды екенін айтты.
Анталья дипломатиялық форумына мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, саясаткерлер, дипломаттар, бизнес көшбасшылары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Жиында кең ауқымды мәселелер, соның ішінде "Дипломатияны қайта құру" деген жалпыға ортақ тақырып талқыланды.
Назарбаев Түркияда дипломатиялық форумға қатысып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Назарбаев Түркияда дипломатиялық форумға қатысып жатыр - видео
Жаңалықтар
0