https://sputnik.kz/20220312/mazhilis-deputat-23467381.html
Мәжілістен тағы бір депутат кетті
Мәжілістен тағы бір депутат кетті
Sputnik Қазақстан
Орталық сайлау комиссиясы депутат Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады 12.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-12T12:58+0500
2022-03-12T12:58+0500
2023-08-09T09:39+0500
депутат
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/1272/82/12728271_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_d4c88b178ef5c515dc069d7c7f99449e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Мәжілісмен Владимир Тохтасунов депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өз еркімен өтініш білдірді, деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы.Бүгін комиссия мүшелері депутат Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы қаулыны қабылдады. Конституцияның 52-бабы мен "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным мәжіліске енгізілді. Енді оның әріптестері дауыс беріп, депутаттық мандатын тоқтатуға тиіс.Айта кетері, бұған дейін депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан халық партиясы олардың орнына Гауһар Нұғыманова мен Магеррам Магеррамовты ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы екеуінің кандидатурасын бекітті. Одан кейін Зүлфия Сүлейменова депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1272/82/12728271_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_e79bb6f929b82217fb9bb8afed89e019.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, мәжіліс
Мәжілістен тағы бір депутат кетті
12:58 12.03.2022 (жаңартылды: 09:39 09.08.2023) Орталық сайлау комиссиясы депутат Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Мәжілісмен Владимир Тохтасунов депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өз еркімен өтініш білдірді, деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы.
Бүгін комиссия мүшелері депутат Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы қаулыны қабылдады. Конституцияның 52-бабы мен "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным мәжіліске енгізілді. Енді оның әріптестері дауыс беріп, депутаттық мандатын тоқтатуға тиіс.
Айта кетері, бұған дейін депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан халық партиясы олардың орнына Гауһар Нұғыманова мен Магеррам Магеррамовты ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы екеуінің кандидатурасын бекітті. Одан кейін Зүлфия Сүлейменова депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш берді.