Денсаулық

Фаст-фудты қандай тамақпен алмастыруға болады – дәрігер кеңес берді

© Photo : СС0 / Michael Moriarty Фастфуд
Фастфуд - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Ресейлік диетолог-дәрігер Елизавета Варданян фаст-фудтың орнына жылдам тамақты неден дайындауға болатынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Тамақ істеуге уақыт болмаса, фаст-фуд емес, ашытқан сүт өнімдерімен жүрек жалғауға болады. Мысалы, ірімшіктің табиғи ақ түрлері бар. Сосын жаңғақтарды, жеміс-жидекті, сондай-ақ, сан алуан көкөністі жеген дұрыс", - деді Варданян.
Оның айтуынша, даладан фаст-фуд жегенше үйде тұтас дәнді нан, ірімшік мен көкөністен сэндвич жасап шығуға болады.
"Ал фаст-фудтың құрамында денсаулыққа зиянды заттар көп. Мәселен, трансмайлар бар. Себебі жылдам жасалатын тамақты арзан өсімдік майымен істейді. Ондайда, көбінесе, пальма майын пайдаланады. Оны жоғары температурамен қыздырады, реакциясын үдету үшін химиялық заттар қосады. Фаст-фудты көп жей берсе, қабыну реакцияларының қаупі жоғарылайды, адам ағзасы инсулиннің көп бөлінуіне бейімделіп кетеді", - деп атап өтті диетолог.
Оған қоса, адамдар фаст-фудпен бірге қант қосылған сусындарды жиі ішеді. Соның салдарынан созылмалы метаболизм аурулары, атап айтқанда, метаболизм синдромы мен екінші типтегі қант диабеті басталады. Бұдан бөлек, жүрек-қан тамыр мен ас қорыту жүйесінің патологиялары шығады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Ғалымдар көру қабілетіне ең зиянды тағамдарды атады
"Жасөспірімдерде ауыз қуысының аурулары болады. Соның ішінде тісжегі көбейеді. Эндрокринология бойынша ұлттық медициналық зерттеу орталығының сараптамасына сәйкес, алты ай бойы күн сайын бір литр Coca-Cola ішкеннен бауырда май жинала бастайды. Ал тура сондай құнарлығы бар жартылай майсыздандырылған сүттің әсері төмен болады", - дейді Варданян.
Дәрігер Pepsi мен Coca-Cola сияқты сусындарды сумен алмастыруға кеңес берді.
"Суға сан алуан шөптер, жидектер мен жемістерді қосуға болады. Ал компот, морс пен шырын сияқты қант қосылған сусындар газдандырылған тәтті сусындармен бірдей. Оны көп ішпеген дұрыс", - деді диетолог.
Жаңалықтар
0