https://sputnik.kz/20220312/egov-portaly-kiru-erezhesi-23475255.html
eGov порталына кіру ережесі өзгереді
eGov порталына кіру ережесі өзгереді
Sputnik Қазақстан
Электронды порталға кірудің жаңа ережелері қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді 12.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-12T19:18+0500
2022-03-12T19:18+0500
2023-08-09T09:33+0500
қоғам
электрондық үкімет
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_0:108:1198:782_1920x0_80_0_0_6c6ddb4e02a7cb2fe8f0a1e563b25a48.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. 14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру ережелері өзгереді.Пайдаланушыларпорталға логин/пароль және бір реттік СМС-код арқылы жеке-жеке кіре алмайды, деп хабарлайды электронды үкіметтің Telegram-каналы.Енді eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады.eGov.kz порталына кіру үшін пайдаланушылар:"Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі", - деді eGov.Электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру сияқты аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады.2FA немесе екі факторлы аутентификация – бұл пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы сіз өз аккаунтыңыздың иесі екеніңізді екі түрлі жолмен растауыңыз керек. Оның көмегімен сіздің деректеріңізге үшінші тұлғалардың қол жеткізуі әлдеқайда қиын.Портал қызметтерін пайдалану үшін Азаматтардың мобильді базасында тіркелген өзекті телефон нөмірі болуы керек. Нөмір бұғатталған немесе тіркелмеген жағдайда 1414 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласу немесе eGov.kz жеке кабинетінде нөмірді ауыстыру қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_ed3f52240c48f1af4841312eb2643ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электрондық үкімет
eGov порталына кіру ережесі өзгереді
19:18 12.03.2022 (жаңартылды: 09:33 09.08.2023) Электронды порталға кірудің жаңа ережелері қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. 14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру ережелері өзгереді.
Пайдаланушыларпорталға логин/пароль және бір реттік СМС-код арқылы жеке-жеке кіре алмайды, деп хабарлайды электронды үкіметтің
Telegram-каналы.Енді eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады.
eGov.kz порталына кіру үшін пайдаланушылар:
мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет.
"Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі", - деді eGov.
Электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру сияқты аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады.
2FA немесе екі факторлы аутентификация – бұл пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы сіз өз аккаунтыңыздың иесі екеніңізді екі түрлі жолмен растауыңыз керек. Оның көмегімен сіздің деректеріңізге үшінші тұлғалардың қол жеткізуі әлдеқайда қиын.
Портал қызметтерін пайдалану үшін Азаматтардың мобильді базасында тіркелген өзекті телефон нөмірі болуы керек. Нөмір бұғатталған немесе тіркелмеген жағдайда 1414 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласу немесе eGov.kz жеке кабинетінде нөмірді ауыстыру қажет.