COVID-пен күрес: ресейлік дәрігерлер қазақстандық марапатқа ие болды

© посольство Казахстана в РоссииРесейлік дәрігерлерді марапаттау салтанаты
Ресейлік дәрігерлерді марапаттау салтанаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2022
Жазылу
Қазақстанның Ресейдегі елшісі 2020 жылы Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге қосқан үлесі үшін ондаған ресейлік дәрігерге мемлекеттік награда табыс етті
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Ресейлік дәрігерлер Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде марапатталды.
Оларға коронавирус инфекциясымен күресуде қазақстандық әріптестеріне көмектескені үшін Қазақстанның мемлекеттік наградалары тапсырылды.
2-дәрежелі "Достық" орденімен және "Шапағат" медалімен Мәскеу және Мәскеу облысы ауруханаларының 28 анестезиолог-реаниматологтары, инфекционисттері, пульмонологтары, эпидемиологтары марапатталды. 2020 жылдың жазында Қазақстанда індеттің өршу шегінде олардың дер кезінде көмек көрсетуі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға үлкен үлес қосты, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.
Дәрігерлер алдында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаев олардың ең қажетті әрі маңызды мамандықтың өкілі екенін атап өтті. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы жекелеген елдердің денсаулық сақтау жүйелері мен экономикалары үшін де, мемлекетаралық қатынастардың күшеюі үшін де сынақ болды. Қазақстан мен Ресей бұл қауіпке лайықты тойтарыс беріп қана қоймай, тиімді өзара іс-қимыл мен оның зардаптарына қарсы бірлескен күресті ұйымдастыра алды. Ермек Көшербаев Қазақстанға тест, реагенттер, вакцина жеткізу және бірінші кезекте медицина бригадаларын жіберу түріндегі осы қауіпті вируспен күресте көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді.
Ал дәрігерлер Қазақстан басшылығына жоғары марапаттары үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ салтанатты шарада 2-дәрежелі "Достық" орденімен Ресей ғылым академиясының Ресей тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Дина Аманжолова марапатталды. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалімен ММЛУ ректоры Ирина Краева, ҰЗТУ МБжҚИ ректоры Алевтина Черникова, Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының жоғары корпоративтік басқару мектебі факультетінің деканы Сергей Календжян, Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Муравьев марапатталды.
Мәскеудегі қазақ диаспорасының белсенділеріне Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісінің Алғыс хаты табыс етілді.
Жаңалықтар
0