https://sputnik.kz/20220312/almaty-nur-sultanda-ayelder-miting-23472682.html
Алматы мен Нұр-Сұлтанда әйелдер митинг өткізді – видео
Алматы мен Нұр-Сұлтанда әйелдер митинг өткізді – видео
Sputnik Қазақстан
Екі митинг те жергілікті әкімдікпен келісілді 12.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-12T17:23+0500
2022-03-12T17:23+0500
2023-08-09T12:22+0500
қоғам
алматы
митинг
әйел
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0c/23468850_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_64c9d70a15afb59050537e1afa2f7cb7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Бүгін екі бірдей қалада – Алматы мен Нұр-Сұлтанда әйелдер митингі өтті. Алматылықтар дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғауды талап етсе, астаналықтар көшеге феминистік ұрандармен шықты.Жергілікті билік тарапынан митинг өткізуге рұқсат берілді.Алматыда көшеде, шамамен, 40 адам жиналды. Олардың ішінде әйелдер де, ер адамдар да бар. Ал плакаттарға нақты талап жазылды. Алматылықтар мектептерде жыныстық қатынас туралы сабақтарға жол бермеуді, UNICEF-тің балаларға арналған тестерін алып тастауды және ұлттық дәстүрлерді сақтауды талап етті.Митинг кезінде балалардың отбасы туралы суреттері де ілінді. Шара кезінде полицейлер қоғамдық тәртіпті қадағалап тұрды.Ал астанадағы гүлдер саябағында жиналған әйелдер феминистік сипаттағы мәселелерді көтерді. Бұған дейін ондай шаралар Алматыда ғана ұйымдастырылған.Астаналықтар да плакаттарға өз талабын жазып келді. Соның ішінде саясатта әйелдердің санын арттыруға қатысты мәселелер де бар."Билікте әйел болғанда қаңтар оқиғалары болмайтын еді", "9,8 млн әйел – бір ғана әйел министр" сияқты плакаттар көтерілді. Радикалды феминистік ұрандар да болды. Сондай-ақ, әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң қабылдауды талап етті.Митингұйымдастырушылары әкімдікпен келісу оңай болмағанын айтты. Жергілікті билік біраз талап қойған. Тіпті, митингтің мазмұны да жан-жақты тексерілді."Спикерлердің сөзін де әкімдікпен келісуге тура келді. Олар "ЛГБТ" сөзін айтуға тыйым салды. Олай істеген дұрыс емес деп ойлаймыз. Себебі әйелдердің құқықтарын көтергенде барлығын айтуымыз керек. Соның ішінде ЛГБТ+ те бар. Енді, осы жолы алғаш рет ұйымдастырғаннан кейін әкімдіктің айтқанына көндік. Болашақта ондай митингтерді жиі өткізуді қалаймыз", - дейді олар.Митинг өткізген әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттерін қылмыстық істер қатарына қосу қажет деп санайды. Шараға 100-ге жуық адам жиналды.
алматы
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0c/23468850_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_6327a9218eef9e61e7c395fe083e55f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, митинг, әйел, астана
алматы, митинг, әйел, астана
Алматы мен Нұр-Сұлтанда әйелдер митинг өткізді – видео
17:23 12.03.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Екі митинг те жергілікті әкімдікпен келісілді
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Бүгін екі бірдей қалада – Алматы мен Нұр-Сұлтанда әйелдер митингі өтті. Алматылықтар дәстүрлі отбасы құндылықтарын қорғауды талап етсе, астаналықтар көшеге феминистік ұрандармен шықты.
Жергілікті билік тарапынан митинг өткізуге рұқсат берілді.
Алматыда көшеде, шамамен, 40 адам жиналды. Олардың ішінде әйелдер де, ер адамдар да бар. Ал плакаттарға нақты талап жазылды. Алматылықтар мектептерде жыныстық қатынас туралы сабақтарға жол бермеуді, UNICEF-тің балаларға арналған тестерін алып тастауды және ұлттық дәстүрлерді сақтауды талап етті.
Митинг кезінде балалардың отбасы туралы суреттері де ілінді. Шара кезінде полицейлер қоғамдық тәртіпті қадағалап тұрды.
Ал астанадағы гүлдер саябағында жиналған әйелдер феминистік сипаттағы мәселелерді көтерді. Бұған дейін ондай шаралар Алматыда ғана ұйымдастырылған.
Астаналықтар да плакаттарға өз талабын жазып келді. Соның ішінде саясатта әйелдердің санын арттыруға қатысты мәселелер де бар.
"Билікте әйел болғанда қаңтар оқиғалары болмайтын еді", "9,8 млн әйел – бір ғана әйел министр" сияқты плакаттар көтерілді. Радикалды феминистік ұрандар да болды. Сондай-ақ, әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң қабылдауды талап етті.
Митингұйымдастырушылары әкімдікпен келісу оңай болмағанын айтты. Жергілікті билік біраз талап қойған. Тіпті, митингтің мазмұны да жан-жақты тексерілді.
"Спикерлердің сөзін де әкімдікпен келісуге тура келді. Олар "ЛГБТ" сөзін айтуға тыйым салды. Олай істеген дұрыс емес деп ойлаймыз. Себебі әйелдердің құқықтарын көтергенде барлығын айтуымыз керек. Соның ішінде ЛГБТ+ те бар. Енді, осы жолы алғаш рет ұйымдастырғаннан кейін әкімдіктің айтқанына көндік. Болашақта ондай митингтерді жиі өткізуді қалаймыз", - дейді олар.
Митинг өткізген әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттерін қылмыстық істер қатарына қосу қажет деп санайды. Шараға 100-ге жуық адам жиналды.