https://sputnik.kz/20220311/zhambyl-oblysynda-eki-mayning-fermasy-tabyldy--23441178.html
Жамбыл облысында екі майнинг фермасы табылды
Жамбыл облысында екі майнинг фермасы табылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында екі заңсыз майнинг фермасы анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі. 11.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-11T10:04+0500
2022-03-11T10:04+0500
2022-03-11T10:04+0500
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/526/43/5264333_5:0:1792:1005_1920x0_80_0_0_e43029e299439a29567518511fba8a32.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында екі заңсыз майнинг фермасы анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.Ресми мәліметке сәйкес, агенттіктің Жамбыл облыстық департаменті ұлттық қауіпсіздік комитеті мен энергетикалық бақылау комитетінің аймақтық департаменті шұғыл іздестіру шараларын өткізген. Сол кезде екі заңсыз майнинг фермасының жұмысы тоқтатылды.Біреуі техникалық қызмет көрсету станциясында орналасты. Ол жерде электр желілеріне қосылу бойынша технологиялық ережелер де сақталмаған. Тінту кезінде криптовалюталарды өндіруге арналған 80-нен астам жабдықтар тәркіленді.Ал екінші майнинг фермасы жеке меншік компанияның аумағында ашылды. Фирманың иесі - шетел азаматы. Олардың заңсыз майнингтен тапқан кірісі 60 миллион теңгені құрайды.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Айта кетері, осы бап бойынша 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 126 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәлкіленуі мүмкін.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/526/43/5264333_228:0:1568:1005_1920x0_80_0_0_4c36e73f2ca49740f24521851c58976e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында екі заңсыз майнинг фермасы анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, агенттіктің Жамбыл облыстық департаменті ұлттық қауіпсіздік комитеті мен энергетикалық бақылау комитетінің аймақтық департаменті шұғыл іздестіру шараларын өткізген. Сол кезде екі заңсыз майнинг фермасының жұмысы тоқтатылды.
Біреуі техникалық қызмет көрсету станциясында орналасты. Ол жерде электр желілеріне қосылу бойынша технологиялық ережелер де сақталмаған. Тінту кезінде криптовалюталарды өндіруге арналған 80-нен астам жабдықтар тәркіленді.
"Алдын ала есепке сәйкес, майнинг фермасын ашқандар 30 миллион теңге көлемінде заңсыз табыс тапқан", - дейді мамандар.
Ал екінші майнинг фермасы жеке меншік компанияның аумағында ашылды. Фирманың иесі - шетел азаматы. Олардың заңсыз майнингтен тапқан кірісі 60 миллион теңгені құрайды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, осы бап бойынша 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 126 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәлкіленуі мүмкін.