https://sputnik.kz/20220311/toqaev-qazaqgaz-basshysy-dagdarysqa-qarsy-sharalar-23448021.html
Тоқаев QazaqGaz басшысымен дағдарысқа қарсы шараларды талқылады
Тоқаев QazaqGaz басшысымен дағдарысқа қарсы шараларды талқылады
Sputnik Қазақстан
Президентке сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар жайлы баяндалды 11.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-11T12:53+0500
2022-03-11T12:53+0500
2022-03-11T12:53+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
газ
https://sputnik.kz/img/831/13/8311324_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_dba34b3eebfa01b4461eb02e3b455283.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Президентке ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды.Санжар Жаркешов газ саласын дамытудың кешенді жоспарының әзірленуі жөнінде баяндады. Аталған жоспар ресурстық базаны кеңейтуді және еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді.Мемлекет басшысына сатып алу жүйесінің ашықтық деңгейін арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ұлттық компанияның кадр саясатындағы өзгерістер жөнінде ақпарат берілді.Кездесуде құбылмалы геосаяси жағдайға байланысты туындайтын сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша Тоқаев ұсынылған шешімдерді қолдап, толық аудит ұйымдастыру және компания қызметіндегі транспаренттілікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.QazaqGaz компаниясы туралы не білеміз2021 жылдың соңында "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ ребрендингтен өтті. Ұлттық компания QazaqGaz деп атала бастады."QazaqGaz" (бұрын "ҚазТрансГаз") – отандық және шетелдік газ нарығында мемлекет мүддесін білдіретін Қазақстанның негізгі газ компаниясы.Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.QazaqGaz компаниялар тобына 12 еншілес және бірлесіп бақыланатын компания, сенімді басқару келісімшарты бойынша 1 компания кіреді.
https://sputnik.kz/20211130/kazTransGazau-ulttyk-kompaniya-18794853.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/831/13/8311324_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_33e2ed44861374296415ce8d8487b34c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, газ
Тоқаев QazaqGaz басшысымен дағдарысқа қарсы шараларды талқылады
Президентке сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар жайлы баяндалды
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды
Ақорда. Президентке ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды.
Санжар Жаркешов газ саласын дамытудың кешенді жоспарының әзірленуі жөнінде баяндады. Аталған жоспар ресурстық базаны кеңейтуді және еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді.
Мемлекет басшысына сатып алу жүйесінің ашықтық деңгейін арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ұлттық компанияның кадр саясатындағы өзгерістер жөнінде ақпарат берілді.
Кездесуде құбылмалы геосаяси жағдайға байланысты туындайтын сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тоқаев ұсынылған шешімдерді қолдап, толық аудит ұйымдастыру және компания қызметіндегі транспаренттілікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.
QazaqGaz компаниясы туралы не білеміз
2021 жылдың соңында "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ ребрендингтен өтті. Ұлттық компания QazaqGaz деп атала бастады.
"QazaqGaz" (бұрын "ҚазТрансГаз") – отандық және шетелдік газ нарығында мемлекет мүддесін білдіретін Қазақстанның негізгі газ компаниясы.
Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.
QazaqGaz компаниялар тобына 12 еншілес және бірлесіп бақыланатын компания, сенімді басқару келісімшарты бойынша 1 компания кіреді.