https://sputnik.kz/20220311/qyzylorda-politsey-kolik-23452422.html
Қызылорда облысында полицей адамды көлігімен қағып өлтірді – оқиғаның мән-жайы
Қызылорда облысында полицей адамды көлігімен қағып өлтірді – оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды 11.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-11T15:31+0500
2022-03-11T15:31+0500
2022-03-11T15:31+0500
оқиға
полицей
көлік
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/15/15796365_0:78:1280:798_1920x0_80_0_0_98118bf78d7ccc93c2d28343a9181c5e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында ішкі істер органдарының қызметкері көлігімен адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 7 наурызда кешкі сағат 19:06-да Жаңақорған кентінде болған. Белгісіз біреу автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жаяу жүргінші қайтыс болды.Күдікті құқыққорғау органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің басшылығына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, тәртіптік кеңес шешімімен бірқатар басшы тәртіптік жауапқа тартылды.Қазіргі кезде Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") және 347-бабы ("Жол оқиғасы болған жерден кетіп қалу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Айта кетері, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал оқиға орнынан қашып кеткені үшін 1 000 айлық есептік көрсеткішке (3 630 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салып, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін. Екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған. Бұдан бөлек, бес жылға белгілi бiр лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/15/15796365_107:0:1244:853_1920x0_80_0_0_4b6aab0e4e8162dc760365403735536b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полицей, көлік
Қызылорда облысында полицей адамды көлігімен қағып өлтірді – оқиғаның мән-жайы
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында ішкі істер органдарының қызметкері көлігімен адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 7 наурызда кешкі сағат 19:06-да Жаңақорған кентінде болған. Белгісіз біреу автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жаяу жүргінші қайтыс болды.
"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол полиция қызметкері болып шықты. Уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді департаменті мамандары.
Күдікті құқыққорғау органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің басшылығына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, тәртіптік кеңес шешімімен бірқатар басшы тәртіптік жауапқа тартылды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") және 347-бабы ("Жол оқиғасы болған жерден кетіп қалу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал оқиға орнынан қашып кеткені үшін 1 000 айлық есептік көрсеткішке (3 630 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салып, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін. Екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған. Бұдан бөлек, бес жылға белгілi бiр лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.