Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы атыс болды

© Photo : Sergey NemoРужье
Ружье - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында бір тәулікте екі рет атыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.
"11 наурызда сағат 02:50 шамасында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекара аумағында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында кезекті атыс болды", - деп мәлімдеді қырғыз шекара қызметі баспасөз қызметінің өкілі.
Баткен ауданының Эки-таш елді мекеніндегі Баткен – Исфа тас жолының учаскесінде Тәжікстанның шекара жасағы тас жолмен кетіп бара жатқан автокөліктерге тас лақтырған.
"Тәжік әскерилердің бұл теріс әрекетін тоқтату үшін қырғыз шекарашылары ауаға ескерту оқ атуға мәжбүр болды. Осы уақытта сол елді мекенде міндетін өтеп жатқан Тәжікстан Республикасының басқа шекара жасағы қырғыз шекарашылары тұрған бақылау мұнарасына қарай оқ атты. Содан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасында атыс жүріп, ол шамамен 20 минутқа созылды және сағат 03:10-да аяқталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Қырғыз тарапынан ешкім зардап шекпегені және жараланбағаны айтылды.
Даудың одан бетер ушығуына жол бермес үшін Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарадағы өкілдері телефон арқылы сөйлесіп, артынша оқиға орнында кездесу өткізді.
Бейсенбінің таңында Қырғызстанның Тәжікстанмен шекарасында екі ел шекарашылары арасында 10 минутқа созылған атыс болған. Тәжік шекара жасағының шекараның тізімделмеген аумағында тұрақты бағдарын өзгертуі және осыған қатысты қырғыз шекарашыларының олардан бұл учаскеден кетуін негізсіз атлап етуі атыс туындауына себеп болған. Тәжікстан бір адамның қайтыс болғаны туралы хабарлады, ал қырғыз тарапынан ешкім мерт болған жоқ.
Жиі туындайтын қақтығысқа шекарадағы нақты қай елдің аумағына кіретіні белгіленбеген учаскелер себеп болып отыр.
Жаңалықтар
0