Қоғам

Қазақстанның солтүстігінде күн жылына бастайды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыға көктем келді
Алматыға көктем келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
Оңтүстік циклон әсерінен қар жауып, боран соғады, жел күшейеді
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге – 12-14 наурызға ауа райы болжамын ұсынды.
"Көктемнің алғашқы айы басталғанымен, елдің солтүстік өңірлерінде қыс кетуге асығар емес. Мұнда белсенді антициклон әсерінен төмен ауа температурасы сақталуда. Алайда алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігіне нағыз көктемгі ауа райын әкелген оңтүстік циклон ақыры солтүстік өңірлерге ығыса бастайды", - деп болжады синоптиктер.
Соған қарамастан елдің солтүстік жартысында температура қатты көтерілмейді, бірақ аз уақытқа болса да аяздың беті қайтады.
Оңтүстік циклон әсерінен қар жауып, боран соғады, жел күшейеді. Сондай-ақ түнде 5-15 градус аяз болады.
12 наурызда ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар жауады. Түнде -11, күндіз -11 градус суық.
Алматыда да күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +7, күндіз +11 градус жылы.
Шымкентте де күн бұлтты, аздап жаңбыр болжанып отыр. Түнде +11, күндіз +16 градус жылы.
Жаңалықтар
0