16 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневСенат ғимараты
Сенат ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
Дәл осы күні Қазақстан президентінің жаңа жолдауы жарияланады
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылдың 16 наурызында сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", – деп жазылған мәжіліс сайтында жарияланған өкім мәтінінде.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялайтынын хабарлаған болатын. Ол саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынбақ.
Жаңалықтар
0