Өңірлер

Оралда жалғыз тұратын зейнеткерді өлтіріп кетті

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем қызметі
Жедел жәрдем қызметі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
Бұл істі полиция бастығы жеке бақылауына алды
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Орал қаласына қарайтын Зашаған кентінде жер үйде 61 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 9 наурызда кешкі сағат 18:30-да табылған зейнеткердің денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Өлімнің алдын ала себебі - "мойындағы көптеген пышақ жарақаты".
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі ("Адам өлтіру, пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша не қарақшылықпен немесе қорқытып алумен ұштасқан әрекет") және 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Облыстық полиция департаментінің жеке құрамы аса ауыр қылмыс жасаған адамды іздестіріп жатыр. Полиция бастығы осы істі жеке бақылауына алды.
Айта кетері, адам өлтіру бабы бойынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына, ал қарақшылық үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Снег в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2021
Оқиға
Алматыда зейнеткерді қағып, бөтен аулаға тастап кеткен жүргізуші ұсталды
Жаңалықтар
0