https://sputnik.kz/20220311/gollivud-film-prokat-malimdeme-23441491.html
Голливуд фильмдерінің прокаты тоқтатыла ма – министрлік мәлімдеме жасады
Голливуд фильмдерінің прокаты тоқтатыла ма – министрлік мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Walt Disney Company және Sony компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр 11.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-11T10:10+0500
2022-03-11T10:10+0500
2022-03-11T10:10+0500
мәдениет
кино
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/13/15238343_0:56:3071:1783_1920x0_80_0_0_cdf83413ac00ed62d2bbd3baa04c3fab.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, министр Дәурен Абаев киноиндустрияны дамыту мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді. Оған кинопрокат нарығына кіретін барлық отандық компания басшылары қатысты.Бұдан бөлек, Walt Disney Company және Sony компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр."Тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ", - дейді мамандар.Мәдениет және спорт министрлігі келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысына қатысты басқа да жаңалықтар туралы қосымша хабарланатынын жеткізді.Айта кетері, бұған дейін Kinopark пен Kinoplexx кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев 1 сәуірден бастап кинотеатрлар белгісіз уақытқа жабылатынын мәлімдеді. Себебі алдағы уақытта көрсетілетін кинокартиналар болмай қалуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/13/15238343_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_025b65a3afd7858bc8a4f7c35bf5446c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кино
Голливуд фильмдерінің прокаты тоқтатыла ма – министрлік мәлімдеме жасады
Walt Disney Company және Sony компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, министр Дәурен Абаев киноиндустрияны дамыту мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізді. Оған кинопрокат нарығына кіретін барлық отандық компания басшылары қатысты.
"Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы – Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынуды жалғастырады", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Бұдан бөлек, Walt Disney Company және Sony компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
"Тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ", - дейді мамандар.
Мәдениет және спорт министрлігі келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысына қатысты басқа да жаңалықтар туралы қосымша хабарланатынын жеткізді.
Айта кетері, бұған дейін Kinopark пен Kinoplexx кинотеатрлар желісінің жетекшісі Алмаз Малдыбаев 1 сәуірден бастап кинотеатрлар белгісіз уақытқа жабылатынын мәлімдеді. Себебі алдағы уақытта көрсетілетін
кинокартиналар болмай қалуы мүмкін.