Батыс Қазақстанда ірі жол апаты болды – видео

© Photo : БҚО полиция департаментіKAMAZ және DAF жүк көліктері бетпе-бет соқтығысты
KAMAZ және DAF жүк көліктері бетпе-бет соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
"Самара-Шымкент" тасжолында KAMAZ және DAF маркалы жүк көліктері бетпе-бет соқтығысқан
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ірі жол апаты болды. Екі жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, екі жүргізуші де көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 10 наурызда кешкі сағат 17:15-те "Самара-Шымкент" тасжолында KAMAZ және DAF маркалы жүк көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты Сырым ауданының Алғабас ауылына жақын жерде болды.
"DAF жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Ал KAMAZ жүргізушісі құтқару жұмыстары кезінде есін жимастан көз жұмды", - дейді полицейлер.
Ал сол жерден өтіп бара жатқан "ВАЗ 2115" көлігі жолда тұрған тағы бір KAMAZ-ға соғылған. Жеңіл көлік жүргізушісі мен оның екі жолауышысы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Жаңалықтар
0