https://sputnik.kz/20220310/zheke-tulgalardyn-bankrottygy-23423616.html
Жеке тұлғалардың банкроттығы
Жеке тұлғалардың банкроттығы
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда жеке азаматтардың банкроттығы туралы заң әзірленіп жатыр. Азаматтар бұл рәсімнен қалай өтеді және қандай шектеулер барын Sputnik Қазақстан... 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T15:51+0500
2022-03-10T15:51+0500
2022-03-10T15:51+0500
инфографика
қарыз
кредит
несие
банкрот
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23423722_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ac0320f83175d7741861ac2f15e86fbb.png
Жеке тұлғалардың банкроттығы үш түрлі рәсімді қарастырады. Олар қарыз сомасы мен кредит бойынша төлемді кешіктіру ұзақтығы бойынша ерекшеленеді.Бірінші жағдайда азаматтар сот арқылы қарызды өтеу жоспарын бекіте алады. Қойылатын бірнеше талап бар: қарыз сомасы 5 миллион теңгеден аз болуы қажет, борышкер мен кредитор келісімі керек, сондай-ақ азамат тұрақты табысы бар екенін растауы қажет.Егер азаматтар тұрақты табысты растай алмаса, онда жеке тұлғаның банкроттығы рәсімінен өту ұсынылады.Мұны сот қарауынан тыс орындауға болады.Құжаттарды қабылдағаннан кейін талаптарға сәйкестігі, яғни мүліктің жоқтығы, кешіктіру мерзімінің сақталуы және т.б. деректерге автоматтандырылған тексеру жүргізіледі.Азамат соттан тыс банкроттыққа өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Е-салық азамат" қосымшасы арқылы жолдайды.Үшінші нұсқаға сот арқылы жеке тұлғалардың банкроттығын тану кіреді. Ол 1 600 АЕК-тен (4,9 миллион теңге) асатын өтелмеген берешекке қатысты болады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі аукцион арқылы сатылады. Аукционнан түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарызды өтеуге жұмсалады.Егер борышкердің жалғыз баспанасы кепілзат болса, онда кредитор оны тек сот арқылы банкроттық тану барысында ғана тәркілей алады. Егер жалғыз баспана кепілзат болмаса, онда кредит ұсынушы тарап оны талап ете алмайды. Егер борышкердің әрекетінен заңға қайшы белгілер анықталмаса, онда қалған өтелмеген сома есептен шығарылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23423722_162:0:1122:720_1920x0_80_0_0_0a144940dfd3a055d599d83c61edb40b.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банкрот 2022 банкроттық 2022 жеке тұлғалар қазақстан кредит несие қарыз төлеу кешіктіру банкротство 2022 закон заң шарттары сумма мүлік
банкрот 2022 банкроттық 2022 жеке тұлғалар қазақстан кредит несие қарыз төлеу кешіктіру банкротство 2022 закон заң шарттары сумма мүлік
Жеке тұлғалардың банкроттығы
Қазақстанда жеке азаматтардың банкроттығы туралы заң әзірленіп жатыр. Азаматтар бұл рәсімнен қалай өтеді және қандай шектеулер барын Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз.
Жеке тұлғалардың банкроттығы үш түрлі рәсімді қарастырады. Олар қарыз сомасы мен кредит бойынша төлемді кешіктіру ұзақтығы бойынша ерекшеленеді.
Бірінші жағдайда азаматтар сот арқылы қарызды өтеу жоспарын бекіте алады. Қойылатын бірнеше талап бар: қарыз сомасы 5 миллион теңгеден аз болуы қажет, борышкер мен кредитор келісімі керек, сондай-ақ азамат тұрақты табысы бар екенін растауы қажет.
Егер азаматтар тұрақты табысты растай алмаса, онда жеке тұлғаның банкроттығы рәсімінен өту ұсынылады.
Мұны сот қарауынан тыс орындауға болады.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін талаптарға сәйкестігі, яғни мүліктің жоқтығы, кешіктіру мерзімінің сақталуы және т.б. деректерге автоматтандырылған тексеру жүргізіледі.
Азамат соттан тыс банкроттыққа өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Е-салық азамат" қосымшасы арқылы жолдайды.
Үшінші нұсқаға сот арқылы жеке тұлғалардың банкроттығын тану кіреді. Ол 1 600 АЕК-тен (4,9 миллион теңге) асатын өтелмеген берешекке қатысты болады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі аукцион арқылы сатылады. Аукционнан түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы қарызды өтеуге жұмсалады.
Егер борышкердің жалғыз баспанасы кепілзат болса, онда кредитор оны тек сот арқылы банкроттық тану барысында ғана тәркілей алады. Егер жалғыз баспана кепілзат болмаса, онда кредит ұсынушы тарап оны талап ете алмайды. Егер борышкердің әрекетінен заңға қайшы белгілер анықталмаса, онда қалған өтелмеген сома есептен шығарылады.