Утилизациялық алымды бекіту үшін есеп-қисап жасалуы қажет – министр

© Photo : Служба центральных коммуникаций Серікқали Брекешев
Серікқали Брекешев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
Қазіргі кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі есеп-қисапты әзірлеп жатыр. Соның негізінде тиісті бұйрық бекітіледі
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утилизациялық алым арнайы бұйрықпен бекітілетінін мәлімдеді. Бірақ ол құжатты қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органның есеп-қисабы қажет, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат отырысынан кейін журналистер утилизациялық алымның жаңа тарифтері қай кезде бекітілетінін сұрады. Министр нақты мерзімін айта алмады. Оның айтуынша, есеп-қисап жасап жатқан министрлік құжаттарды жіберуі керек.
"Қазіргі кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі есеп-қисапты әзірлеп жатыр. Дайын болғасын бізге жібереді. Соның негізінде тиісті бұйрықты бекітеміз", - деді экология министрі.
Осы орайда Брекешев есеп-қисап не үшін керек екенін түсіндірді.
"РОП-тың (қазіргі "Жасыл даму" АҚ) жыл сайын бекітетін инвестициялық бағдарламасы бар. Сол бағдарламаны бекіту үшін бізге нақты есеп-қисап керек. Утилизациялық алымды қысқартқаннан кейін қанша ақша түседі? Соның бәрі жазылуы қажет. Біз есеп-қисапты алғаннан кейін шамамен 10 күннің ішінде арнайы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдармен келісіп алуымыз қажет. Осы жұмыстың нәтижесінде бұйрықты бекітеміз", - деп атап өтті Брекешев.
Айта кетері, үкімет утилизациялық алымды екі есеге қысқартуға шешім қабылдады.
Жаңалықтар
0