Қоғам

Тоқаев AMANAT партиясының хатшысын тағайындады

© SputnikПортфель, тағайындау
Портфель, тағайындау - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
Президент тапсырмасымен партия құрылымын өзгертіп, қызметін оңтайландыру жоспарланған
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының хатшысы тағайындады.

"Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен AMANAT партиясының хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы қызметіне Асхат Оралов тағайындалған болатын. Бұған дейін мемлекет басшысы партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарушы хатшымен алмастыруды ұсынған. Сондай-ақ, басқа бағыттарға жауап беретін хатшылар болуы керек екенін айтты. Осылайша, партия құрылымын өзгертіп, қызметін оңтайландыру жоспарланған.

Хатшы жайлы мәлімет

Ринат Кертаев 1983 жылы 23 сәуірде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін "Қоғаммен байланыс" және "журналистика" (магистратура) мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын "Хабар" агенттігі" АҚ Алматы филиалында продюсер болып бастаған. Агенттікте бірқатар қызмет сатыларынан өтіп, 2016 жылы "Хабар" арнасының директоры болып тағайындалды. "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
© Sputnik / Дәурен ЕрболатAMANAT партиясының хатшысы Ринат Кертаев
Хабар агенттігі АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
AMANAT партиясының хатшысы Ринат Кертаев
2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Жаңалықтар
0