https://sputnik.kz/20220310/shymbulaqta-qar-koshkini-23418771.html
Шымбұлақта қар көшкіні болды - бір адам көз жұмды
Шымбұлақта қар көшкіні болды - бір адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Ер адам жолдан тыс жердегі қоршаудан өткендіктен, көшкін жүрген 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T13:38+0500
2022-03-10T13:38+0500
2022-03-10T13:51+0500
оқиға
шымбұлақ
https://sputnik.kz/img/165/82/1658246_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_2f193f386fc4ff85316b59bbf734062c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз — Sputnik. "Шымбұлаққа" тау шаңғысымен сырғанауға барған адам қар көшкіні кезінде көз жұмды. Ол шаңғы тебуге рұқсат етілген жолдардан асып кетті, деп хабарлады курорт әкімшілігі.Бұл оқиға туралы 10 наурыз таңертең белгілі болды. Марқұм көшкінге қарсы құрылғыға соғылған.Таңертеңгі сағат 10: 58-де курорт құтқарушыларына Комби-2 жоғары учаскесінде көшкін болғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына сағат 11: 02-де жеткен құтқарушылар қар көшкіне қарсы орнатылған құрылғының жанында адам денесінің бөлігін тапты. Құтқару операциясының уақыты үш минуттан аспады."Сағат 11:05-те шаңғышының денесін қардан қазып алып шықты. Келуші сырғанауға рұқсат етілген трассадан шығып кетіп, қоршаудан өткен. Өзімен бірге көшкінге қарсы бипер, сүңгі және күрек болмаған", - делінген хабарламада.Курорт әкімшілігі марқұмның туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтты.Әлеуметтік желілерінде хабарланғандай, Шымбұлақта №3-ші көшкін қаупі сақталады. Жоғары температура мен қардың көптігіне байланысты Комби-2 көтергіші конькимен сырғанауғақолжетімді емес. Тек жаяу туристер үшін ашық.
шымбұлақ
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/165/82/1658246_301:0:3032:2048_1920x0_80_0_0_7f1acf2a85a76db6f808db6e523039da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымбұлақ
Шымбұлақта қар көшкіні болды - бір адам көз жұмды
13:38 10.03.2022 (жаңартылды: 13:51 10.03.2022) Ер адам жолдан тыс жердегі қоршаудан өткендіктен, көшкін жүрген
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз — Sputnik. "Шымбұлаққа" тау шаңғысымен сырғанауға барған адам қар көшкіні кезінде көз жұмды.
Ол шаңғы тебуге рұқсат етілген жолдардан асып кетті, деп хабарлады курорт әкімшілігі.
Бұл оқиға туралы 10 наурыз таңертең белгілі болды. Марқұм көшкінге қарсы құрылғыға соғылған.
Таңертеңгі сағат 10: 58-де курорт құтқарушыларына Комби-2 жоғары учаскесінде көшкін болғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына сағат 11: 02-де жеткен құтқарушылар қар көшкіне қарсы орнатылған құрылғының жанында адам денесінің бөлігін тапты. Құтқару операциясының уақыты үш минуттан аспады.
"Сағат 11:05-те шаңғышының денесін қардан қазып алып шықты. Келуші сырғанауға рұқсат етілген трассадан шығып кетіп, қоршаудан өткен. Өзімен бірге көшкінге қарсы бипер, сүңгі және күрек болмаған", - делінген хабарламада.
Курорт әкімшілігі марқұмның туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтты.
Әлеуметтік желілерінде хабарланғандай, Шымбұлақта №3-ші көшкін қаупі сақталады. Жоғары температура мен қардың көптігіне байланысты Комби-2 көтергіші конькимен сырғанауғақолжетімді емес. Тек жаяу туристер үшін ашық.