https://sputnik.kz/20220310/reseylik-galym-ukrainadagy-aqsh-tyn-biozertkhanalary-turaly-aytty-23417634.html
Ресейлік ғалым Украинадағы АҚШ-тың биозертханалары туралы айтты
Ресейлік ғалым Украинадағы АҚШ-тың биозертханалары туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуландтың Украина аумағындағы америкалық биозертханаларды мойындауы және оларға қатысты пікір білдіруі Ресейге... 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T13:13+0500
2022-03-10T13:13+0500
2022-03-10T13:14+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/1a/18499222_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_8953ae63e5208c0915db78764259e4d4.jpg
Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау кезінде Ресей қорғаныс министрлігі осы елдің аумағында АҚШ-тың оннан астам биологиялық зертханасы бар екенін дәлелдегеннен кейін америкалықтар бұл нысандарды мойындады. Бұл Ресейге қарсы биологиялық қаруды қолданатын террористік актілердің басталу белгісі болуы мүмкін, деп мәлімдеді Ресей ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Геннадий Онищенко Sputnik агенттігіне берген сұхбатында.Биологиялық қаруды жасау бойынша жұмыс АҚШ Қорғаныс министрлігіне бағынатын және АҚШ қорғаныс министрлігі бюджетінен қаржыландырылатын әскери қауіпті төмендету жөніндегі агенттіктің жетекшілігімен жүзеге асырылады. Бұл ешқандай бейбіт мақсатты көздемейді. Зертханалардың екі түрі бар: бірі КСРО кезінен қалған денсаулық сақтау министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі, микробиология, вирусология саласында жұмыс істеген кейбір ғылыми-зерттеу институттарына тиесілі ескі ғимараттар болса, екіншілері нөлден бастап салынған озық заманауи нысандар", - деді Онищенко.Оның айтуынша, он жылдан астам уақыт бұрын Ресей бұрынғы одақтас республикалар – Грузия, Қазақстан, Әзербайжан, Украинада салынған зертханаларға қатысты мәселені көтеруге және ресейлік шекараға жақын маңдағы олардың қажеттілігін талқылауға тырысты. Бірақ Ресеймен ешкімнің санасқысы келмеді. Сондықтан зертханалар мен ондағы қызметкерлердің барлығы АҚШ армиясына тікелей бағынады. Бұл тұста ешқандай бейбіт мақсат, осы елдердегі балаларға деген қамқорлық байқалмайды."Украина аумағында осындай шамамен 15 зертхана бар екенін білемін. Негізінен олар қайта жабдықталған кеңестік нысандар. Арасында бір-екі жаңа нысан болуы мүмкін. Қайта жабдықталған нысандардың арасынан айқын мысал келтіре аламын. 1980 жылы еліміз Олимпиадаға дайындалып жатқанда жаңа инфекциялардың пайда болуына жол бермеу, сол кезде бізге мұхиттың арғы жағынан жүзіп келген адамдарды тексеру үшін Одесса портында типтік үлкен зертхана ғимаратын салдық. Бұл 9 қабатты ғимарат және мен оған талай рет бардым. Посткеңестік кезеңде нысан қоршалып, қайта жабдықталды. Оның ішінде не бар екені туралы тіпті Украинаның премьер-министріне де айтылмаған", - деп түсіндірді Онищенко.Украина аумағында зерттелген вирустар, микроорганизмдер өзгертілген, олардың уыттылығы мен патогенділігі күшейтілген болуы мүмкін деп есептейді ғалым. Егер кенеттен мұндай инфекция пайда болса, ол "түпнұсқадан" қауіптірек болады, қарқынды түрде таралады және оны емдеу мүмкін болмайды.Геннадий Онищенконың пайымдауынша, бүгінде бүкіл әлемге танымал болған коронавирус та зертханада пайда болуының ықтималдылығы жоғары. Бұл вирус табиғи ошақты инфекцияларға жатады, ол бұған дейін Қытайда немесе Ресейде болған, бірақ адамға ешқандай әсер етпеген. "Бұл жарғаққанаттыларда, яғни жарқанаттарда, ұсақ сүтқоректілерде ұялайтын инфекция. Сонда ол қалайша түраралық кедергіні еңсеріп, адамға жұққан?"Ол вирустың жасанды жолмен пайда болғанын дәлелдеу үшін зертханаларға бақылау жүргізу механизмі қолда болуы керек екенін айтты.Ол мұндай механизм 2001 жылы, ұшақтар Дүниежүзілік сауда ұйымының қос ғимаратына соғылғаннан кейін әзірленген. Алайда тура бір аптадан соң, яғни 2001 жылдың 18 қыркүйегінде Америкада кенеттен адамддар, негізінен журналистер қауіпті аурудан көз жұма бастады."АҚШ Конгресі комиссия құрып, ол сібір жаралы пневмония екені анықталды. Ол Форт-Детрик әскери-медициналық инфекциялық аурулардың ғылыми-зерттеу институтынан шыққаны дәлелденді", - деген эпидемиолог дәрігер бұдан кейін АҚШ саясат саласындағы юірқатар жоспарын жүзеге асырғанын атап өтті. Оның айтуынша, америкалық биозертханаларды бақылау ешкімнің қолынан келмеді.Онищенко Украинадағы әлеуеттің қаупі орасан зор екенін және америкалық микробиологтар Ресейге қарсы гибридті шабуыл кезінде қолдануға болатын қуатты рецептуралар әзірлегеніне сенімді екенін айтты. Бұл "соңғы екі жылда қатты өршіген ақпараттық-террористік шабуыл ілесе жүретін террористік биологиялық акті" болуы мүмкін."Украинадағы зертханалардың бүтіндігі бұзылса, бұл адамзат үшін үлкен қасіретке айналады. Мұндай шабуыл жоспарланып қоюы да мүмкін. Ол туралы Нуланд та айтты. Жалпы биологиялық террористік шабуылды кез келген жасырын орында жүзеге асыруға болады. Ол бірден байқалмайды", - деді ғалым.Ресей ғылым академиясының академигі Украина өз аумағында АҚШ-тың әскери-биологиялық базасын орналастыру арқылы өз халқына үлкен қауіп төнідіргенін атап өтті. Ол сондықтан қазір Ресей Украинадағы зертханалардың барлығын бақылауға алуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын ескертті.Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.
https://sputnik.kz/20210531/Ukhan-pandemiya-kovid-17201878.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/1a/18499222_50:0:2781:2048_1920x0_80_0_0_fc0ea8efb0f61321b410caa428e23f62.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Ресейлік ғалым Украинадағы АҚШ-тың биозертханалары туралы айтты
13:13 10.03.2022 (жаңартылды: 13:14 10.03.2022) АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуландтың Украина аумағындағы америкалық биозертханаларды мойындауы және оларға қатысты пікір білдіруі Ресейге қарсы биологиялық терактілердің бастауы болуы мүмкін, деп санайды ресейлік профессор Геннадий Онищенко
Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау кезінде Ресей қорғаныс министрлігі осы елдің аумағында АҚШ-тың оннан астам биологиялық зертханасы бар екенін дәлелдегеннен кейін америкалықтар бұл нысандарды мойындады. Бұл Ресейге қарсы биологиялық қаруды қолданатын террористік актілердің басталу белгісі болуы мүмкін, деп мәлімдеді Ресей ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Геннадий Онищенко Sputnik агенттігіне берген сұхбатында.
Биологиялық қаруды жасау бойынша жұмыс АҚШ Қорғаныс министрлігіне бағынатын және АҚШ қорғаныс министрлігі бюджетінен қаржыландырылатын әскери қауіпті төмендету жөніндегі агенттіктің жетекшілігімен жүзеге асырылады. Бұл ешқандай бейбіт мақсатты көздемейді. Зертханалардың екі түрі бар: бірі КСРО кезінен қалған денсаулық сақтау министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі, микробиология, вирусология саласында жұмыс істеген кейбір ғылыми-зерттеу институттарына тиесілі ескі ғимараттар болса, екіншілері нөлден бастап салынған озық заманауи нысандар", - деді Онищенко.
Оның айтуынша, он жылдан астам уақыт бұрын Ресей бұрынғы одақтас республикалар – Грузия, Қазақстан, Әзербайжан, Украинада салынған зертханаларға қатысты мәселені көтеруге және ресейлік шекараға жақын маңдағы олардың қажеттілігін талқылауға тырысты. Бірақ Ресеймен ешкімнің санасқысы келмеді. Сондықтан зертханалар мен ондағы қызметкерлердің барлығы АҚШ армиясына тікелей бағынады. Бұл тұста ешқандай бейбіт мақсат, осы елдердегі балаларға деген қамқорлық байқалмайды.
"Украина аумағында осындай шамамен 15 зертхана бар екенін білемін. Негізінен олар қайта жабдықталған кеңестік нысандар. Арасында бір-екі жаңа нысан болуы мүмкін. Қайта жабдықталған нысандардың арасынан айқын мысал келтіре аламын. 1980 жылы еліміз Олимпиадаға дайындалып жатқанда жаңа инфекциялардың пайда болуына жол бермеу, сол кезде бізге мұхиттың арғы жағынан жүзіп келген адамдарды тексеру үшін Одесса портында типтік үлкен зертхана ғимаратын салдық. Бұл 9 қабатты ғимарат және мен оған талай рет бардым. Посткеңестік кезеңде нысан қоршалып, қайта жабдықталды. Оның ішінде не бар екені туралы тіпті Украинаның премьер-министріне де айтылмаған", - деп түсіндірді Онищенко.
Украина аумағында зерттелген вирустар, микроорганизмдер өзгертілген, олардың уыттылығы мен патогенділігі күшейтілген болуы мүмкін деп есептейді ғалым. Егер кенеттен мұндай инфекция пайда болса, ол "түпнұсқадан" қауіптірек болады, қарқынды түрде таралады және оны емдеу мүмкін болмайды.
Геннадий Онищенконың пайымдауынша, бүгінде бүкіл әлемге танымал болған коронавирус та зертханада пайда болуының ықтималдылығы жоғары. Бұл вирус табиғи ошақты инфекцияларға жатады, ол бұған дейін Қытайда немесе Ресейде болған, бірақ адамға ешқандай әсер етпеген. "Бұл жарғаққанаттыларда, яғни жарқанаттарда, ұсақ сүтқоректілерде ұялайтын инфекция. Сонда ол қалайша түраралық кедергіні еңсеріп, адамға жұққан?"
Ол вирустың жасанды жолмен пайда болғанын дәлелдеу үшін зертханаларға бақылау жүргізу механизмі қолда болуы керек екенін айтты.
"Ғалымдар ақ-қарасын анықтағанмен, құқықтық аяда қандай да бір наразылық қоя алмайды. Себебі 1972 жылы қабылданған Бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруды әзірлеуге, өндіруге және жинақтауға тыйым салу және оларды жою туралы конвенцияның күні бүгінге дейін мойындалған бақылау механизмі жоқ", - деді Онищенко.
Ол мұндай механизм 2001 жылы, ұшақтар Дүниежүзілік сауда ұйымының қос ғимаратына соғылғаннан кейін әзірленген. Алайда тура бір аптадан соң, яғни 2001 жылдың 18 қыркүйегінде Америкада кенеттен адамддар, негізінен журналистер қауіпті аурудан көз жұма бастады.
"АҚШ Конгресі комиссия құрып, ол сібір жаралы пневмония екені анықталды. Ол Форт-Детрик әскери-медициналық инфекциялық аурулардың ғылыми-зерттеу институтынан шыққаны дәлелденді", - деген эпидемиолог дәрігер бұдан кейін АҚШ саясат саласындағы юірқатар жоспарын жүзеге асырғанын атап өтті. Оның айтуынша, америкалық биозертханаларды бақылау ешкімнің қолынан келмеді.
Онищенко Украинадағы әлеуеттің қаупі орасан зор екенін және америкалық микробиологтар Ресейге қарсы гибридті шабуыл кезінде қолдануға болатын қуатты рецептуралар әзірлегеніне сенімді екенін айтты. Бұл "соңғы екі жылда қатты өршіген ақпараттық-террористік шабуыл ілесе жүретін террористік биологиялық акті" болуы мүмкін.
"Украинадағы зертханалардың бүтіндігі бұзылса, бұл адамзат үшін үлкен қасіретке айналады. Мұндай шабуыл жоспарланып қоюы да мүмкін. Ол туралы Нуланд та айтты. Жалпы биологиялық террористік шабуылды кез келген жасырын орында жүзеге асыруға болады. Ол бірден байқалмайды", - деді ғалым.
Ресей ғылым академиясының академигі Украина өз аумағында АҚШ-тың әскери-биологиялық базасын орналастыру арқылы өз халқына үлкен қауіп төнідіргенін атап өтті. Ол сондықтан қазір Ресей Украинадағы зертханалардың барлығын бақылауға алуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын ескертті.
Сұхбаттың толық нұсқасын
мына жерден көре аласыздар.