https://sputnik.kz/20220310/resey-qarsy-sanktsiyalar-23432615.html
Ресейге қарсы санкциялар: әлем елдерінің пікірі қандай
Ресейге қарсы санкциялар: әлем елдерінің пікірі қандай
Sputnik Қазақстан
Ресейге қысым көрсету жалғасып жатыр: күн сайын жаңа санкция енгізілуде. Вашингтон бұдан да қатаң шаралар қабылдау туралы үндеу жасады. 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T21:58+0500
2022-03-10T21:58+0500
2022-03-10T21:58+0500
әлем
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/1244/10/12441068_0:740:2048:1892_1920x0_80_0_0_d87d4e6a2e738f1aa99aa679092f0333.jpg
Бірақ Еуропа мұндай қадамға баруы екіталай. Себебі санкциялар Еуроодақ экономикасына үлкен шығын келтіріп жатыр. Қытай мен Түркия да бұл мәселеде қызуқандылыққа салынуды жөн санамайтынын аңғартты. Әйтсе де батыс қабылдайтын шаралардан сескеніп, Ресеймен өзара қарым-қатынаста сақтық танытып отыр, деп жазды РИА Новости. 5,5 мыңнан астам санкция енгізді. Бұл Иранға, Сирияға және Солтүстік Кореяға қарсы енгізілген шектеулерден әлдеқайда көп. Оның жартысынан көбі Ресей Донецк пен Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындағаннан кейін қабылданды. Вашингтон НАТО құрамына кірмейтін мемлекеттерден де біртұтас болып қарсылық танытуды талап етіп отыр.АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд 8 наурызда Америка санкцияларға қатысты дауыс беруде қалыс қалған әр мемлекетке президент, мемлекеттік хатшы және мемлекеттік департамент деңгейінде ғана емес, бүтіндей ел аумағында сұхбат жүргізіліп жатқанын айтты. Алайда Еуропаның өзі де шараларды күшейтуге асығар емес. Еуроодақ компаниялары мен қаржы институттары ресейлік нарықты игеру үшін ондаған жыл жұмсады. Ал бүгінгі ажырау үлкен шығынға алып келеді. АҚШ, ЕО, Канада және Жапонияның көптеген корпорациясы "нарықтан кетіп жатқан жоқпыз, жұмысты уақытша тоқтатамыз" деп мәлімдеді. Мысалы, IKEA мен McDonalds он мыңдаған қызметкерін ақысы төленетін еңбек демалысына жіберді. Ал кейбірі саяси шараға қосылудан тіпті бас тартты. Атап айтсақ, Uniqlo жапон киім-кешек өндірушісі. Президент Тадаси Янай "Біздің тауарымыз – өмірлік қажеттілігі бар дүние. Ал Ресей халқының дәл біз секілді өмір сүруге құқығы бар" деген мәлімдеме жасады. Ақ үй мен Брюссельдегі шенеуніктер Ресейден жеткізілетін көмірсутектен түбегейлі бас тартуға шақырып отырғанымен, Еуроодақтың асығатын түрі жоқ. Германия канцлері Олаф Шольц энергия ресурстары санкциялардан тыс болуы керек екенін атап өтті. Нидерланды президенті Марк Рютте "Еуропада, оның аумағынан тыс және Украинада бақылауға келмейтін сын-қатер тудырудың қажеті жоқ" деді. Ал Германияның сыртқы істер министрі Аннаелена Бербок "Біздің импорттың үштен бір бөлігі Ресейден жеткізіледі. Егер біз мұны бір дегенде тоқтатсақ, ертең-ақ барлық көлік жүрмей қалады" деп өзі ойын білдірді. Бұрыннан-ақ Брюссельдің айтқанына бірден көне қоймайтын Венгрия бұл жолы да эмбаргоға дайын емес екенін аңғартты. "Энергия секторына қатысты санкцияларды кеңейту венгр халқы үшін үлкен қауіп болады. Мұндай өтініш жасап отырған тарап осы соғыс үшін біз шығынға батуымызды көздеп отырған сыңайлы. Венгрия үкіметі бірде-бір халықаралық форумда мұндай қадамға қолдау білдірмейді", - деді қаржы министрі Михай Варга.Сербия – Еуроодаққа кандидат. Бірақ президент Александр Вучич антиресейлік санкцияларға қосылмады. Жалпы айта кетсек, 9 наруызда Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 125,18 доллардан сатылып, тәулігіне 15 тармаққа көтерілді. Түркия ешқандай санкция жоспарлап отырған жоқ. Режеп Тайып Эрдоған Ресей мен Украина қақтығысында бітімгер рөлін атқаруға ниет білдіріп отыр. Milliyet басылымының хабарлауынша, ол өзін 10 наурызда Анталия форумында өтетін Ресей мен Украина сыртқы істер министрлерінің кездесуінің бастамашысы деп атады. Қытай Ресейге қарсы санкцияларды сынға алды. БҰҰ жанындағы тұрақты төраға Чжан Цзюнь Батыс саясатына қатысты алаңдаушылығын жасырмады: "Бұл үлкен гуманитарлық салдарға алып келеді және басқа елдерге де ауқымды шығын келтіретіні анық". Әйткенмен Қытай батыс тарапынан болатын қысымға сескеніп қарап отыр. Ресейдің сыртқы сауда айналымының шамамен 20 проценті Қытайдың үлесіне тиесілі. Дегенмен, алғашқы жағымсыз белгілері қазірдің өзінде байқалып отыр. Мысалы, көлікті жалға беру бойынша алпауыт компания DiDi Chuxing кейіннен бұл шешімін өзгерткенімен, елден кететінін жариялады."Қытайдың басты сауда нарығы – АҚШ пен Еуропа. Сондықтан ол тарап шығынды санайды. Си Цзиньпин сыртқы нарыққа емес, ішкі тұтынуға басымдық беруді көздейтінін айтты. Алайда бұл әзірше мүмкін болмай отыр. Сол себепті Қытай аса сақтықпен әрекет етіп отыр", - деді саясаттанушы Константин Калачев.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1244/10/12441068_0:548:2048:2084_1920x0_80_0_0_59700c591ce109e686016742d7f73d79.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей
Ресейге қарсы санкциялар: әлем елдерінің пікірі қандай
Ресейге қысым көрсету жалғасып жатыр: күн сайын жаңа санкция енгізілуде. Вашингтон бұдан да қатаң шаралар қабылдау туралы үндеу жасады.
Бірақ Еуропа мұндай қадамға баруы екіталай. Себебі санкциялар Еуроодақ экономикасына үлкен шығын келтіріп жатыр. Қытай мен Түркия да бұл мәселеде қызуқандылыққа салынуды жөн санамайтынын аңғартты. Әйтсе де батыс қабылдайтын шаралардан сескеніп, Ресеймен өзара қарым-қатынаста сақтық танытып отыр, деп жазды
РИА Новости.
5,5 мыңнан астам санкция енгізді. Бұл Иранға, Сирияға және Солтүстік Кореяға қарсы енгізілген шектеулерден әлдеқайда көп. Оның жартысынан көбі Ресей Донецк пен Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындағаннан кейін қабылданды. Вашингтон НАТО құрамына кірмейтін мемлекеттерден де біртұтас болып қарсылық танытуды талап етіп отыр.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд 8 наурызда Америка санкцияларға қатысты дауыс беруде қалыс қалған әр мемлекетке президент, мемлекеттік хатшы және мемлекеттік департамент деңгейінде ғана емес, бүтіндей ел аумағында сұхбат жүргізіліп жатқанын айтты.
Алайда Еуропаның өзі де шараларды күшейтуге асығар емес. Еуроодақ компаниялары мен қаржы институттары ресейлік нарықты игеру үшін ондаған жыл жұмсады. Ал бүгінгі ажырау үлкен шығынға алып келеді.
АҚШ, ЕО, Канада және Жапонияның көптеген корпорациясы "нарықтан кетіп жатқан жоқпыз, жұмысты уақытша тоқтатамыз" деп мәлімдеді. Мысалы, IKEA мен McDonalds он мыңдаған қызметкерін ақысы төленетін еңбек демалысына жіберді.
Ал кейбірі саяси шараға қосылудан тіпті бас тартты. Атап айтсақ, Uniqlo жапон киім-кешек өндірушісі. Президент Тадаси Янай "Біздің тауарымыз – өмірлік қажеттілігі бар дүние. Ал Ресей халқының дәл біз секілді өмір сүруге құқығы бар" деген мәлімдеме жасады.
Ақ үй мен Брюссельдегі шенеуніктер Ресейден жеткізілетін көмірсутектен түбегейлі бас тартуға шақырып отырғанымен, Еуроодақтың асығатын түрі жоқ.
"Франция ресейлік газға қаттыт тәуелді емес. Алайда Мәскеу жеткізулерді тоқтатса, онда қыста Еуропа үсіп қалуы мүмкін", - деді Франция президенті Эммануэль Макрон.
Германия канцлері Олаф Шольц энергия ресурстары санкциялардан тыс болуы керек екенін атап өтті.
Нидерланды президенті Марк Рютте "Еуропада, оның аумағынан тыс және Украинада бақылауға келмейтін сын-қатер тудырудың қажеті жоқ" деді. Ал Германияның сыртқы істер министрі Аннаелена Бербок "Біздің импорттың үштен бір бөлігі Ресейден жеткізіледі. Егер біз мұны бір дегенде тоқтатсақ, ертең-ақ барлық көлік жүрмей қалады" деп өзі ойын білдірді.
Бұрыннан-ақ Брюссельдің айтқанына бірден көне қоймайтын Венгрия бұл жолы да эмбаргоға дайын емес екенін аңғартты.
"Энергия секторына қатысты санкцияларды кеңейту венгр халқы үшін үлкен қауіп болады. Мұндай өтініш жасап отырған тарап осы соғыс үшін біз шығынға батуымызды көздеп отырған сыңайлы. Венгрия үкіметі бірде-бір халықаралық форумда мұндай қадамға қолдау білдірмейді", - деді қаржы министрі Михай Варга.
Сербия – Еуроодаққа кандидат. Бірақ президент Александр Вучич антиресейлік санкцияларға қосылмады.
"Ресейді ауыр кезең күтіп тұр. Бірақ ол қалпына келеді, тіпті кейбір салаларда нығая түседі. Егер біз одан әрі барып, мұнай мен газ жеткізулерін үзетін болсақ, өзімізді апатқа алып келеміз", - деді Еуропарламент депутаты Тьерри Мариани.
Жалпы айта кетсек, 9 наруызда Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелі 125,18 доллардан сатылып, тәулігіне 15 тармаққа көтерілді.
Түркия ешқандай санкция жоспарлап отырған жоқ. Режеп Тайып Эрдоған Ресей мен Украина қақтығысында бітімгер рөлін атқаруға ниет білдіріп отыр. Milliyet басылымының хабарлауынша, ол өзін 10 наурызда Анталия форумында өтетін Ресей мен Украина сыртқы істер министрлерінің кездесуінің бастамашысы деп атады.
Қытай Ресейге қарсы санкцияларды сынға алды. БҰҰ жанындағы тұрақты төраға Чжан Цзюнь Батыс саясатына қатысты алаңдаушылығын жасырмады: "Бұл үлкен гуманитарлық салдарға алып келеді және басқа елдерге де ауқымды шығын келтіретіні анық".
Әйткенмен Қытай батыс тарапынан болатын қысымға сескеніп қарап отыр. Ресейдің сыртқы сауда айналымының шамамен 20 проценті Қытайдың үлесіне тиесілі. Дегенмен, алғашқы жағымсыз белгілері қазірдің өзінде байқалып отыр. Мысалы, көлікті жалға беру бойынша алпауыт компания DiDi Chuxing кейіннен бұл шешімін өзгерткенімен, елден кететінін жариялады.
"Қытайдың басты сауда нарығы – АҚШ пен Еуропа. Сондықтан ол тарап шығынды санайды. Си Цзиньпин сыртқы нарыққа емес, ішкі тұтынуға басымдық беруді көздейтінін айтты. Алайда бұл әзірше мүмкін болмай отыр. Сол себепті Қытай аса сақтықпен әрекет етіп отыр", - деді саясаттанушы Константин Калачев.