Қоғам

Ресей азаматтары Қазақстанның еңбек нарығын жаулап алмай ма

© Sputnik / Владислав ВодневЖұмыс, қағаз
Жұмыс, қағаз - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов әзірге Қазақстанға Ресейден еңбек мигранттарының жаппай келуі байқалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз қазір нарықтағы жағдайды мұқият бақылап отырмыз. Бірақ дәл қазір мұндай жаппай ағын, яғни ресейлік азаматтардың бізге келіп жұмыс істеуі байқалмайды. Әзірге мұндай болжам жоқ. Алайда жағдай күн сайын өзгереді. Біз мониторинг жүргізіп жатырмыз", - деді Шәпкенов үкімет кулуарында.
Министр Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстан бірыңғай экономикалық одақта тұрғанын атап өтті. Яғни одаққа мүше елдердің азаматтары үшін ешқандай шектеу, кедергі жоқ.

"Біздікілер Ресейде, ал ресейліктер бізде жұмыс істеуге құқылы. Бұл ортақ еңбек нарығы. Олар бұған дейін де бізге келіп жұмыс істейтін", - деді ведомство басшысы.

Шәпкенов егер ресейлік мамандар Қазақстанға жаппай ағылса, тиісті шаралар қабылданатынына сендірді. Мәселен, жұмыспен қамту орталықтары, бірінші кезекте, қазақстандықтарды жұмысқа орналастырады.
Ұлттық банктің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер етеді – Ұлттық банк жауап берді
Жаңалықтар
0