https://sputnik.kz/20220310/qazaqstan-azerbayzhan-23406111.html
Қазақстан өз жүгін Әзербайжан арқылы жіберуге дайындалып жатыр
Қазақстан өз жүгін Әзербайжан арқылы жіберуге дайындалып жатыр
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Әзербайжан екі ел арасында қатынайтын әуе рейстері санын арттыруға ниет білдірді 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T08:34+0500
2022-03-10T08:34+0500
2022-03-10T08:35+0500
әзербайжан
жүк
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_0:32:2950:1691_1920x0_80_0_0_14d7b96b01a117b701cb097df8a76348.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Бакуде Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрлігінің өкілдері Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту мәселесін талқылады.Сонымен қатар теміржол учаскелері және Каспий теңізі арқылы өткізу мүмкіндіктері, шекаралық өткізу бекеттері мен теңіз порттарының әлеуеті, қосымша жүк ағынын ТХКБ-ға бағдарлау үшін қолайлы жағдай жасау жайы сөз болды.Тараптар жобаға қатысушылар арасында бірлескен кәсіпорын және аталған бағытты дамыту үшін Орта дәліз құру мәселесін қозғады.Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев отандық экспорттаушылардың жүктерін осы бағытқа бағдарлау жайына тоқталып, еліміз қазірдің өзінде экспортқа бағытталған жүктің 2 миллион тоннасын тасымалдауға дайын екенін атап өтті.Берік Қамалиев сонымен қатар ТХКБ бағытында автокөлікпен жасалатын жүк тасымалдарын бірлесіп дамытуды ұсынды.Кездесу қорытындысында тараптар транзитті дамыту жөніндегі жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылдады. Ол бірлескен кәсіпорын құрумен жедел айналысады.Сонымен қатар, вице-министр Берік Қамалиев Әзербайжан тарапына екі ел арасында қатынайтын әуе рейстері санын көбейту мәселесін қарастыруды ұсынып, Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиев оған қолдау білдірді.
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_122:0:2851:2047_1920x0_80_0_0_e400788a31f90967198cb06b1ae32573.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әзербайжан, жүк
Қазақстан өз жүгін Әзербайжан арқылы жіберуге дайындалып жатыр
08:34 10.03.2022 (жаңартылды: 08:35 10.03.2022) Қазақстан мен Әзербайжан екі ел арасында қатынайтын әуе рейстері санын арттыруға ниет білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Бакуде Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрлігінің өкілдері Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту мәселесін талқылады.
Сонымен қатар теміржол учаскелері және Каспий теңізі арқылы өткізу мүмкіндіктері, шекаралық өткізу бекеттері мен теңіз порттарының әлеуеті, қосымша жүк ағынын ТХКБ-ға бағдарлау үшін қолайлы жағдай жасау жайы сөз болды.
Тараптар жобаға қатысушылар арасында бірлескен кәсіпорын және аталған бағытты дамыту үшін Орта дәліз құру мәселесін қозғады.
Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев отандық экспорттаушылардың жүктерін осы бағытқа бағдарлау жайына тоқталып, еліміз қазірдің өзінде экспортқа бағытталған жүктің 2 миллион тоннасын тасымалдауға дайын екенін атап өтті.
Берік Қамалиев сонымен қатар ТХКБ бағытында автокөлікпен жасалатын жүк тасымалдарын бірлесіп дамытуды ұсынды.
Кездесу қорытындысында тараптар транзитті дамыту жөніндегі жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылдады. Ол бірлескен кәсіпорын құрумен жедел айналысады.
Сонымен қатар, вице-министр Берік Қамалиев Әзербайжан тарапына екі ел арасында қатынайтын әуе рейстері санын көбейту мәселесін қарастыруды ұсынып, Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиев оған қолдау білдірді.