https://sputnik.kz/20220310/oralda-damkhan-ayel-23424687.html
Оралда 8 наурызда дәмханаға барған екі әйелді қан-жоса етіп ұрды - оқиғаның мән-жайы
Оралда 8 наурызда дәмханаға барған екі әйелді қан-жоса етіп ұрды - оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін әлеуметтік желіде жантүршігерлік кадрлар тараған болатын 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T15:40+0500
2022-03-10T15:40+0500
2023-08-09T09:47+0500
оқиға
әйел
мәйіт
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/113/00/1130089_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_11821a41749fc2ba5b8861a1f3236872.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті екі әйелді асқан қатыгездікпен соққыға жығу фактісі бойынша тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін әлеуметтік желіде жантүршігерлік кадрлар тараған болатын. Екі әйелді дәмханада айуандықпен өлтірілгені туралы айтылған. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті адам өлтіру фактісін жоққа шығарды. Жедел іздестіру шаралары барысында 21 жастағы ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды."Алғашқы тексеру ұлтаралық келіспеушілік белгісі жоқ екенін көрсетті", - деді департамент мамандары.Айта кетері, 293-бабы 2-бөлігі бойынша 5 000 айлық есептiк көрсеткiшке (15 315 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту қарастырылған. 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/113/00/1130089_258:0:979:541_1920x0_80_0_0_92b308d90501192a19244e40b4ff80ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әйел, мәйіт, батыс қазақстан облысы
әйел, мәйіт, батыс қазақстан облысы
Оралда 8 наурызда дәмханаға барған екі әйелді қан-жоса етіп ұрды - оқиғаның мән-жайы
15:40 10.03.2022 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) Бұған дейін әлеуметтік желіде жантүршігерлік кадрлар тараған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті екі әйелді асқан қатыгездікпен соққыға жығу фактісі бойынша тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жантүршігерлік кадрлар тараған болатын. Екі әйелді дәмханада айуандықпен өлтірілгені туралы айтылған. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті адам өлтіру фактісін жоққа шығарды.
"8 наурыз күні сағат 05.00-де Оралдағы Абай даңғылы "Андеграунд" дәмханасында 1989 жылы туған С және 1990 жылы туған Т есімді екі қала тұрғынына дене жарақатын салды. Олар ауруханаға жатқызылды", - дейді полицейлер.
Жедел іздестіру шаралары барысында 21 жастағы ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Алғашқы тексеру ұлтаралық келіспеушілік белгісі жоқ екенін көрсетті", - деді департамент мамандары.
Айта кетері, 293-бабы 2-бөлігі бойынша 5 000 айлық есептiк көрсеткiшке (15 315 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту қарастырылған. 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.