https://sputnik.kz/20220310/mazhilis-deputat-erkimen-ketti-23429125.html
Мәжілістің тағы бір депутаты өз еркімен кетті
Мәжілістің тағы бір депутаты өз еркімен кетті
Sputnik Қазақстан
Депутат Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным мәжілістің қарауына енгізілді 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T17:10+0500
2022-03-10T17:10+0500
2022-03-10T17:11+0500
қоғам
депутат
https://sputnik.kz/img/1272/82/12728271_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_d4c88b178ef5c515dc069d7c7f99449e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменова Орталық сайлау комиссиясына өз өкілеттілігін тоқтату туралы өтініш жіберді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарып, депутат Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным мәжілістің қарауына енгізді.Депутат Сүлейменова былтыр Nur Otan партиясының (қазіргі Amanat) тізімі бойынша мәжіліске сайланған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды. Айта кетері, бұған дейін депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан халық партиясы олардың орнына Гауһар Нұғыманова мен Магеррам Магеррамовты ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы екеуінің кандидатурасын бекітті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1272/82/12728271_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_e79bb6f929b82217fb9bb8afed89e019.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат
Мәжілістің тағы бір депутаты өз еркімен кетті
17:10 10.03.2022 (жаңартылды: 17:11 10.03.2022) Депутат Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным мәжілістің қарауына енгізілді
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменова Орталық сайлау комиссиясына өз өкілеттілігін тоқтату туралы өтініш жіберді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы мәжілісінің депутаты Зульфия Болатқызы Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деген шешімге келді", - делінген ресми хабарламада.
Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарып, депутат Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным мәжілістің қарауына енгізді.
Депутат Сүлейменова былтыр Nur Otan партиясының (қазіргі Amanat) тізімі бойынша мәжіліске сайланған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
Айта кетері, бұған дейін депутат Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Қазақстан халық партиясы олардың орнына Гауһар Нұғыманова мен Магеррам Магеррамовты ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы екеуінің кандидатурасын бекітті.